19:39
Рухани жаңғыру

ШЕБЕРЛЕРДІҢ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРЫ

  • Ара – ағаш, темір кесетін тісті аспап.
  • Асқақ темір – бір аяғы ұзын, бір аяғы қысқа циркуль тәрізді өлшеуіш әрі ою салатын құрал.
  • Бақауыз – темірді соққанда ұстайтын тіссіз аспап.
  • Балға – соғатын, қағатын аспап.
  • Бұрғы – ағаш тесетін құрал.
  • Біз – етікші құралы.
  • Білтегеш – тоқымашының тоқу құралы.
  • Жоңғы – ағаш қабығын жонатын құрал.
  • Жуалдыз – ине тәріздес құрал.
  • Көземел ине – жасуы үлкен ине.
  • Иненің жасуы – көзі деген мағынада.
  • Инелік – ау тоқитын құрал (ағаш, сүйек).
  • Тебен – қалың бұйымдар (текемет, киіз) тігетін үлкен әрі жуан ине.
  • Егеу – темір егейтін құрал.
  • Мәймөңке – ұшы қисық ине. Терме жібін теретін қайқыбас кішкентай ағаш.
  • Сыдырғыш – өрімшінің өрімді тегістейтін құралы (сүйек, қатты ағаш).
  • Сабау – жүн сабайтын ұзынша жіңішке ағаш.
  • Сояу – талдырма киіздерді жөрмейтін, тігетін иненің бір түрі (сүйек, ағаш).
  • Сүргі – терінің көк етін алатын құрал.
  • Кескір – темір кесетін құрал.
  • Көрік – ұстаның шоқ үрлейтін құралы.
  • Кемпірауыз – қышқаштың бір түрі, ұста құралы.
  • Қышқаш – өнделетін, істейтін затты тістеп ұстайтын құрал.
  • Қайрақ – құралдарды өткірлеу үшін оның жүзін қайрайтын тас.
  • Қашау – ағаш оятын құрал (темір).
  • Қазиек – соғылатын, қыздыратын темірді ұстайтын тісті құрал.
  • Қуысқұлақ – жүзі қуыс ағаш оятын құрал.
  • Қалып – етікші құралы, аяқ үлгісі (ағаш).
  • Қайшы – мата қиятын тігінші құралы.
  • Темір қайшы – қаңылтыр қиятын қайшы.
  • Түрпі – ағаш мінін алатын бұдырлы темір құрал.
  • Тескіш – темір, қаңылтыр тесетін ұшты құрал.
  • Ырғақ – тезден шыққан ағаштарды үлгіге келтіретін қарапайым қалып ретіндегі құрал.
  • Қақсал ағаш – әбден кепкен, үй жасауға жарамды ағаш.
  • Мор – қақсал ағашты жұмсарту (балқыту) үшін жер үстіне жасалатын пеш.
  • Обын – үй ағашын жұмсарту үшін жер астында жасалатын пеш.
  • Қоз – ағашты жұмсарту үшін от жағатын орын.
  • Үйші – киіз үй жасайтын шебер.
  • Тез – мор, обын, қоздан жұмсарып шыққан үй ағашын түзететін немесе иетін үйші құралы.
  • Сықаурын – тездегі ағаштың қисығын жамбасқа салып түзететін өте қатты ағаш.
  • Талқы – кепкен теріні, көнді, сіріні, ұйысқан жүнді жұмсартатын құрал (ағаштан жасалады).
  • Көк – керегені құрайтын таспа (қайыс).
  • Үскі – көк өткізу үшін кереге тесетін құрал.
  • Дақтау, дембі – шеберлер термині «белгілеу» деген сөз.
  • Борлау – түндік, туырлық төзімді, берік болу үшін ақ бормен не күйген сүйекпен қырнайды.
  • «Түйе бел» - ши тоқитын құрал. «Ши құрғыш» деп те атайды.
  • Үй ағаш – киіз үй үшін дайындаған, кептірген ағаштар.
  • Сыздық – керегеге салынатын терең сызықтар.
  • Сарнауық – керегеге сызық салатын аспап (темір).
  • Ірге киіз – үйдің іргесінен шаң, құм, жел, суық жібермеу үшін тұтылатын киіз.
  • Көзеу – шаңырақ қаламдығы тегістеу үшін қызған темірмен күйдіру.
  • Уықтың ығуы немесе қыдыруы – уықтың ауытқып кетуін осылай атайды.
  • Шалма – уықтың қыдырмауы үшін барлық уықты шалып өтетін терме бау.
  • Тістеуік – шеге суыратын құрал (темір).
  • Төс – жасалатын, өңдейтін темірді салып таптайтын салмақты, берік темір тұғыр.
  • Оймақ – тігіншілердің, етікшілердің саусағына киетін ойық, темір.
  • Тері оймақ – теріден жасалған оймақ.
  • Қож – ұсталардың көмір салатын қалағы (сүйек).
  • Ұршық – жіп иіретін құрал. Құрамы: қаңғалақ (яғни басы), сабы. Сабында бұрмашасы болады.
  • Ілдіргі – тоқымашының құралы (ағаш, сүйек, темір).
  • Пышақ – кесетін құрал.
  • Шот – ағаш шабатын құрал.
  • Нәскүрік – ағашты тегістеп жонатын құрал.
  • Тігін машинасы – тігіншінің бас құралы.
  • Іскенже – темірді қысып тұратын бұрама ауызды құрал.
  • Миясар – өнердің (қол өнерінің) бірнеше түрін игерген шебер.
  • Ій – иленетін терінің жүнін түсіретін (жидіретін) ащы сұйық.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 493 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: