23:46
Рухани жаңғыру

ТҰРМЫСТЫҚ, ШАРУАШЫЛЫҚ САЙМАНДАРЫ

  • Құрал-сайман – шаруашылықта қолданылатын еңбек құралы.
  • Айыр – шөп үюге, жинауға арналған 3-4 тісті темір сапты ағаш.
  • Күрек – темірден жасалған ағаш сапты күреу аспабы.
  • Тоқпақ – қазық қағатын ағаш құрал.
  • Керме – ат байлайтын керме арқан.
  • Кетпен – жер қазатын құрал.
  • Орақ – егін оратын құрал.
  • Бел орақ – шөп, қамыс шабатын құрал.
  • Арба – жаз көлікке жегетін 2-4 дөңгелекті тасымал құралы.
  • Шана – қыс көлікке жегетін тасымал құралы.
  • Күймелі арба, күймелі шана – адам отыратын жабық арба немесе шана.
  • Ат шана – жеңіл және әдемілеп жасалған шана.
  • Мала – шөп, қамыс таситын шананың бір түрі.
  • Қорап – шыбықтан тоқылған шанаға салып зат т.б. таситын құрал.
  • Мосы – шәйнек іліп отқа қоятын үш аяқты мүлік.
  • Темірошақ – қазан асатын үш үш аяқты темір мүлік.
  • Жер ошақ – жерден қазылып қазан асатын орын.
  • Диірмен – ұн тартатын тас құрал.
  • Еркек тас – диірменнің астыңғы беті.
  • Ұрғашы тас – диірменнің үстіңгі беті.
  • Шүлдік – еркек тас ортасындағы кіндік, темір.
  • Бақалақ – ұрғашы тастың кіндік кіретін ағаш қалағы.
  • Иінағаш – иыққа салып су таситын мүлік.
  • Көсеу – от көсейтін темір.
  • Шімшуір – шоқ ұстайтын темір құрал.
  • Тұтқыш – қол күймес үшін қазан құлағын ұстайтын киіз қалта.
  • Қоржын – жолаушының ат артына бөктеретін, керек-жарағын салатын қос қалталы бұйым.
  • Қанар – жүн салатын үлкен қапшық.
  • Сүймен – мұз оятын құрал.
  • Қалжуыр – үш қармақты темір.
  • Шот – ағаш шабатын үй құралы.
  • Шотаяқ – шөп суыратын құрал.
  • Жады – малға құрақ, сабан, жүгері турап беретін құрал.
  • Келі – тары түйетін құрал.
  • Келісап – келі ішіндегі тарыны түйетін құрал.
  • Сақар – қурайды өртеп алатын тұнба.
  • Сабын (кір сабын) – сақарға мал майын араластырып қайнатып жасайтын кір кетіргіш қосынды.
  • Бұзаушық – кішкене сабын.
  • Алқынды – сабынның әбден жұқарған қалдығы.
  • Ау – балық аулайтын құрал.
  • Қаза – қамыстан тоқып балық аулайтын құрал. Оның екі жақ басында балық тұратын қоржыны болады.
  • Сүзекі – қазадағы балықты сүзіп алатын торкөз.
  • Қармақ – балық аулайтын құрал.
  • Жұтпа – балықты тірі шаншып шортан аулайтын қармақ.
  • Қайық – өзеннен өтуге немесе жазда аудан балық алу үшін жасалған құрал.
  • Қақпан – аң аулайтын темір құрал.
  • Тұзақ – сымнан немесе қылдан жасайтын аңшы құралы.
  • Ара, балға, балта, тістеуік – тұрмыс құралдары.
  • Инелік – ау тоқитын құрал (ағаш).
  • Кісен – ұры алмас үшін ат аяғына салынатын құлыптың бір түрі.
  • Шошала – артық зат, құрал-жабдық қоятын үйшік.
  • Насыбай тостаған – насыбай үгетін ыдыс.
  • Үккіш – насыбайды үгетін шоқпар.
  • Жайнамаз – намаз оқитын жайма, төсеніш.
  • Тәсбиық (тәшбиық) – мұсылмандардың намаздан кейін мінәжәт ететін моншақ, тізбегі.
  • Оқтау – қамыр ысатын жұмыр ағаш.
  • Нантақтай – қамырды илейтін және оқтаумен ысатын тегіс, жалпақ тақтай.
  • Диірмен тері – диірмен астына төсейтін төсеніш.
  • Елеуіш – ұн елейтін дөңгелек жиекті, тор көзді дүние.
  • Қайрақ – пышақ, балта қайрайтын тас.
  • Түбіттарақ – түбіт түтетін темір тісті ағаш құрал.
  • Қап, қапшық – бұйым салуға арналған жүннен, қалың матадан жасалған бұйым.
  • Қырғыш – ыдыс түбіндегі қаспақтарды қыратын темір.
  • Сүйретпе – екі басын ат арқасына салып, зат сүйрететін ағаш құрал. Оған адам да отырады.
  • Орындық – адам отыратын отырғыш.
  • Орындық – саба, мес астына қоятын төрт аяқты мүлік.
  • Оттық – от шығаратын күкіртті зат.
  • Шақпақ тас – бір-біріне шағып от шығаратын тас.
  • Жаңғырық – ағаш шапқанда астына қоятын дөңбек.
  • Істік – піскен етті қазаннан түйреп алатын қатты ағаштан, аршадан, тобылғыдан жасалған сүйрік.
  • Күрсі – кітап оқығанда астына қоятын орындық.
  • Сүлгі – жуынғанда сүртінетін түкті мата (орамал).
  • Орамал – қол сүртетін, жуған ыдыстарды жуған ыдыстарды сүртетін мата.
  • Майлық – майлы, кірлі заттарды сүртетін шүберек.
  • Алмас – шыны кесетін құрал.
  • Пышақ – тамақ, зат т.б. кесетін аспап.
  • Лөкет – мал соятын үлкен пышақ.
  • Бәкі – қалтаға салып жүретін мүлік.
  • Қын – пышақ салып жүретін мүлік.
  • Ұстара – сақал-мұрт, шаш алатын өткір құрал.
  • Сыпырғыш – ірі құс қанатынан немесе шілік, жусаннан буып жасалған үй сыпыратын мүлік.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 542 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: