18:17
Рухани жаңғыру

ҰЛТТЫҚ КИІМ-КЕШЕКТЕР

  • Киім – адам киетін, денесін ыстық, суықтан қорғайтын бұйым.
  • Тымақ – аң, мал терісінен жасалған қыстық бас киім.
  • Бөрік – жиегіне аң терісін салған бас киім. Оны ерлер де, қыздар мен жас келіншектер де киеді. Төбесіне үкі қадап, сыртын әшекейлейді.
  • Бөкебай – түбіттен тоқылған әйелдердің бас киімі.
  • Тақия – қыздардың үкілеген, әсем тағымдар тағылған бас киімі.
  • Қасаба – қымбат матадан тігілетін қыздардың бас киімі.
  • Қалпақ – ер адамның киетін бас киімі.
  • Төбетей – төбеге киетін шағын бас киім (жаздық).
  • Құлақшын (малақай) – қыстық бас киім.
  • Жалбағай – малшылардың жаздық бас киімі.
  • Сәукеле – ұзатылатын қыздардың қымбат бас киімі.
  • Сәлде – молданың басына орай салатын киім.
  • Желек – сәукеленің немесе қыздар бас киімінің желке тұсынан төгіліп тұратын жібек мата.
  • Жыға – дулығаның немесе бас киімнің желке тұсына мойынға су кетпеу үшін тағылған қалың мата.
  • Күлапара – бас киімнің сыртынан су немесе қар түспес үшін қаптай киетін киім.
  • Күндік – жаулықтың бір түрі, егде әйелдер басына орай тартады.
  • Жаулық – тұрмыстағы әйелдердің басқа тартатын киімі.
  • Кимешек – әйелдердің басын, иығын жауып тұратын киім.
  • Біртартар – басқа тартатын орамал (әйел).
  • Шалма – түбіттен ттоқылған ерлердің мойынсалғышы.
  • Шәлі (салы) – әйелдердің басқа тартатын шашақты, сәндік орамал. Тоқуына қарай «бөртпе шәлі» деп те атайды.
  • Жейде – іштен киетін ерлер киімі.
  • Көйлек – әйел киімі.
  • Киіт – құдалыққа ұсынатын киім, бұйым (кәде).
  • Күрте – ерлердің жейде сыртынан киетін жұқа киімі.
  • Кеудеше – жылылық үшін кеудеге киетін жеңсіз.
  • Бешпет – ерлердің жазда киетін сырт киімі.
  • Шапан – тізеден төмен түсетін қалың сырт киім. Қаптал шапан, қималы шапан, сырмалы шапан деген түрлері бар.
  • Қамзол – әйелдердің көйлек сыртынан киетін киімі.
  • Шекпен – су өтпес үшін киетін сырт киім. Ең бағалысы түйе жүнінен тігіледі.
  • Жақы (құлын жақы, тай жақы) – жылқы терісін, жүнін сыртына қаратып тігетін кәделі киім.
  • Жадағай – түйе жүнінен тоқылған астарсыз шапан.
  • Тоң – аң, мал, қой терілерінен тігілетін жылы киімдер. Оның бірнеше түрлері болады. Мысалы, қырмызы тон, қамқа тон т.б.
  • Тұлып – қыста тоңбас үшін киім сыртынан киетін кең киім. Қасқыр, қой терісінен тігеді.
  • Ішік – қыста киетін сәнді киім. Аң терілерінен тігіледі. Сондықтан олардың қасқыр ішік, бота ішік, түлкі ішік, жанат ішік, күзен ішік, құндыз ішік, қоян ішік, қарсақ ішік, бұлғын ішік т.б. түрлері болады.
  • Күпі – ішіне жабағы жүн салып сырыған шапан түрі.
  • Кебенек – жауынды, боранды күні киім сыртынан киетін су өтпейтін киім.
  • Белдемше – үй шаруасына белден байланатын алжапқыш. Ертеде осылай аталатын әйелдердің сәндік көйлектері де болған.
  • Белбеу – киім сыртынан буынатын былғарыдан жасалатын бұйым. Мата белбеу де болады.
  • Шалбар – ерлердің балақты іш киімі.
  • Дамбал – ұзын балақты іш киім.
  • Лыпа – балақсыз іш киім.
  • Жарғақ шалбар – тықыр теріден тігілген шалбар.
  • Тері шалбар – қыста жүнін ішіне қаратып тігілген шалбар.
  • «Иткөйлек» - жаңа туған нәрестеге кигізетін жөрмеп тіккен көйлекше.
  • Етік – былғарыдан тігілетін қонышы ұзын аяқ киім.
  • Саптама етік – байпақ салып киетін қысқы етік.
  • Байпақ – етік ішінен киетін киізден тігілген аяқ киім.
  • Жым етік – өкшесі аласа қисық табан етік.
  • Шоңқайма етік – еркекке де, әйелге де арналған биік өкше түрлі-түсті жіппен әдіптелген сәнді етік.
  • Ұлтарма – жұмысқа киетін оңай тігілетін етік түрі.
  • Кебіс – былғарыдан қонышсыз тігілетін аяқ киім.
  • Мәш (мәсі) – кебіспен киетін қонышты, өкшесіз аяқ киім.
  • Шоқай етік – жұмысқа киетін аяқ киім.
  • Ұлтарақ – аяқ киім ішіне жылылық үшін салынатын киіз.
  • Шұлық – жалаң аяққа киетін жүннен тоқылатын киім.
  • Шәрке – жазда киетін жұқа аяқ киім.
  • Сандал – үсті ашық жаздық.
  • Шұлғау – етік, мәсі ішінен аяққа орайтын жұмсақ мата.
  • Пима – жүннен басылған жылы, қыстық аяқ киім.
  • Қолғап – қоолға киетін киім (қыста немесе жұмыста).
  • Түйме – киім өңірін қаусырғанда бекітетін бұйым.
  • Құрысқақ – тымақ желкесін төбесіне іліп бекітетін ағаш тиек.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 611 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: