22:58
Риясыз рух

ҚОРҚЫНЫШТЫҢ АДАМ БОЙЫНДАҒЫ КӨРІНІСТЕРІ

Қорқыныш эмоциясы – адамның өне бойын еріксіз билеп алатын толқу халі. Бұл барлық адамға тән құбылыс. Құран бұл толқу халін адамдағы терең толқыныс әрі діріл арқылы, сондай-ақ, қатты қорыққан уақытта адамның өзін-өзі және пікір өрбітуге деген мүмкіндігін жоғалтып алуымен сипаттайды. Қорқыныш күтпеген жерден және кенеттен келген уақытта адамда терең рухани тебіреніс пайда болады. Адам не істерін білмей сасқалақтаған күйі бір нәрсе ойлаудан қалып, қандай да бір әрекетке көшуден тосылады. Құран қорқыныштың кенеттен келген уақыттағы адамның бұл халіне ишарат етеді:

«Азабымыздың күтпеген жерден келіп, оларды састыратыны соншалық – тұрған жерлерінде сілейеді де қалады...» («Әнбия» сүресі, 40-аят).

Адамға қатты қорқыныш келген уақытта, тұла бойды билеп алады. Сол уақытта адамның ең басты мақсаты одан өзін аман алып шығумен шектеледі. Басқа қандай да бір нәрсе ол үшін маңызын жояды. Құран аяттарында адамның бұл жағдайына да ишарат етілген:

«Алайда құлақты жаратын ащы дауыс (яғни, Сұрдың жойқын үні) шыққан кезде», «Сол күні адам баласы өз бауырынан безеді», «тіпті өз анасы мен әкесінен», «жан жары мен бала-шағасынан (безеді),. «Сол күні олардың әрқайсысы өз басымен қайғы болады» («Абаса» сүресі, 33-37-аяттар).

Қорқу эмоциясы адамда физиологиялық әртүрлі әрекеттердің де туындауына себеп. Мысалы, адамның бет-әлпетінің, дауыс ырғағының, дене қимылының өзгеруі т.с.с іс-әрекеттер. Қорқыныш келген уақытта адамның әдетте көрсететін әрекеті – ол жерден мүмкіндігінше алыс болу немесе қашып құтылу. Құран бұған ишарат ретінде пайғамбарларды жалғанға шығарып, күпірлікте табандап тұрып алған бұрынғы қауымдарды мысалға келтіреді. Оларға азап келген уақытта ол жерден қашып құтылуға асыққаны баяндалады:

«Олар жойқын азабымыздың бастарына төніп келе жатқанын сезер-сезбестен, ат-көліктеріне міне салып, мекендерін тастап, тұра қашты» («Әнбия» сүресі, 11-12-аяттар).

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 12 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: