11:50
Риясыз рух

ЗУҺД және УАРАҒ

Қорқыныш категориясына жататы Ислам тасаууфындағы келесі бір деңгей – зуһд және уарағ. Бұл екі деңгей де, Алладан имену (хушуғ) хәлінің бауырлары болып келеді.

Зуһд – адамның ақыретте пайда бермейтін нәрселерді жүрегімен тәрк етуі.

Мәселен, бір адам бай болуы мүмкін. Алайда байлықты қолда ұстап, қалаған уақытында Алла разылығы үшін ізгі істерге және мұқтаж жандардың қажетіне жұмсай алады. Ал байлықтың буына мастануды, байлыққа деген құмарлықты жүрегімен тәрк етеді. Бұған Имам Ағзам Әбу Ханифаның мына оқиғасы дәлел:

Әбу Ханифа бір күні шәкірттеріне сабақ беріп отырғанда бір адам мешіттің есігінен айқайлап:

- Уа, имам! Тауар артып келе жатқан кеме суға кетті, - дейді. Имам Ағзам аз ғана бөгеліп «Әлхамду лиллаһ» дейді де, сабағын жалғастыра береді. Біраз уақыт өткеннен кейін дәл сол адам қайтадан келіп:

- Уа, имам! Айыпқа бұйырмаңыз, қателесіп кеткен екенбіз, батқан кеме сіздікі емес көрінеді, - дейді. Имам Ағзам бұл жаңалыққа а «Әлхамду лиллаһ» деп үн қатады. Хабарды жеткізген кісі таң қалып:

- Уа, имам, кемең батты деп хабар жеткіздік. «Әлхамду лиллаһ» дедің. Батқан кеме сенікі болмай шыққанын айттық. Тағы «Әлхамду лиллаһ» дедің. Бұл шүкіршілік (хамд) не үшін? – дейді. Сонда Имам Ағзам:

- Сен кеме батты деп айтқаныңда жан дүниеме, жүрегіме үңілдім. Дүниеге бола қамықпағаным үшін Аллаға шүкіршілігімді білдірдім. Ал батқан кеме менікі емес екенін айтқаныңда тағы да жүрегімді тыңдадым. Дүние-байлықтың қайта оралғанына жүрегімде титтей де қуаныш сезбедім. Сол баяғыша, бірқалыпты екен. Жүрегімде байлыққа, дүниеге деген құштарлық болмағаны себепті, Аллаға осындай жүрек бергендігі үшін тағы да шүкіршілігімді білдірдім, - деген екен.

Уарағ – адамның ақыретте жетістікке жетуіне кедергі болатын, сондай-ақ харамға түсіп қалудан қорқып, күмәнді нәрседен бас тартуы.

Бұл хәлдегі адам, тіпті кейде күмәнді болғаны үшін кейбір халал нәрселердің өзінен сақтануға тырысады. Мәселен, Әбу Ханифа заманында Куфада әлдекімнің бір қойы жоғалады. Осыны естіген имам жеті жыл бойы қой етін аузына алмайды. Себебін сұрағандарға:

- Ұрланған қойдың етін жеу харам болғандықтан, абайсызда сол еттен жеп қойып жүрмейін дедім. Бір қойдың орташа өмірін (жеті жыл) есептеуім сондықтан, - деп жауап береді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 18 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: