08:38
Риясыз рух

ҚОРҚЫНЫШТЫ БАСУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

Әбу Зайд әл-Балхи: «Өзін қорқытқан немесе қобалжытқан нәрсеге қатысты рекация танытуда адамдар арасында айырмашалық бар. Біреулер табиғатынан темперамент тұрғысынан мықты келеді. Олардың жүрегі қорқынышпен бетпе-бет келуден немесе аяқ астынан орын алған келеңсіз жағдайдан қаймықпайды. Енді біреулер характері әлсіз болғандықтан, қиын жағдайға тап болған кезде бойдағы қорқыныш эмоциясын басқара алмайды. Нәтижесінде, мұндай адамдардың ол жағдайдан шығар жол табуы да қиындай түседі», - дейді. Қорқыныш тудыратын жағдаяттарға қарсы реакциялар жайында айтқан оның бұл ойы Г.ю.Эйзенктің «Дербес жауапкершілік немесе дербес әсерленгіш қабілеті» теориясымен үйлеседі. Г.Ю.Эйзенктің айтуынша, вегетативтік жүйке жүйесінің әсері төмен адамға қарағанда, сезімтал адам мазасыздық дертіне тез шалдығады.

Қорқынышты басудың әдісі ретінде әл-Балхи – адамның мәселені саналы түрде ұғыну қасиетін ұсынады. Оның айтуынша, көп жағдайда уайым себепті пайда болған қорқыныш, оның практикалық түрде іске асқандығына қарағанда әлдеқайда қуатты. Өйткені адамның уайымдап қорыққан нәрсесінің көбі шындап келгенде ол үшін зиянсыз. Мұны «Қорыққан көп нәрсең, асылында, саған зиян бермейді» немесе «Үрейдің көбі сол үрейден дәмеленуден туады» деген сөздер қуаттай түседі. Сондықтан кейбір ғалымдар адамға қорқыныш ұялататын нәрсені қою тұманға теңеген. Қою тұманды өмірінде кездестірмеген адам оны алыстан көріп. «Бұл ешбір саңылауы жоқ қап-қара әрі тығыз болған нәрсе. Бұған тап болған адамның жағдайы тұзаққа түскен аңның жағдайы секілді қиын шығар», - деп ойлайды. Алайда сол қою тұманға қорықпай, батылданып жақындай алса, оның бар болғаны дымқыл ауа екендігіне көзі жетеді. Сол сәтте қою тұман жайында ойы өзгеріп, қорқынышы да сейіледі. Жас бала мен жануарлардың жаңа бір жағдаятқа тап болғанда немесе бейтаныс, қатты дыбыс естіген кезде зәресі ұшып қорқатыны да содан. Ал шындап келгенде, бұл айтылғандар соншалықты қорқатын нәрсе емес. олардың қорқып, шектен тыс реакция танытулары – бұл мәселені саналы түрде ұғынбағандығынан. Егер олар зәресін алған нәрселердің шын мәнінде қорқуға тұрарлықтай емес екендігін білгенде, оны саналы түрде түсінген ересек адам секілді қалыпты реакция танытар еді.

Оның ұсынған тағы бір әдісі бойынша, адам өзінің қорқақтығына ашулана білуді үйренуі қажет. Адам қорқақтығы үшін өзіне сөгіс айтып, қорқақтық – әлсіз адамдарға тән қасиет екенін ескертіп тұрғаны жөн. Қорқақтығы үшін өзіне ашулану адамның намысы мен өрмінезділігін оятады. Нәтижесінде, өзінің характерсіз әрекеті мен әлсіздігі үшін адам өзінен ұяла бастайды.

Асылында, қорқынышты басуда адамның өзіне деген құрметі мен өрмінезділігінен және өзінен ұялуы себепті оянған намыстан да тиімді тәсіл жоқ. Мәселен, өрмінезділік адам баласын жан төзгісіз азаптардан алып шыға алады. Тіпті өрмінезділік жазаға қарсы қылмыскердің де жүрегіне қайрат сыйлайды. Мінеки, қорқынышты басу үшін жоғарыда айтылған әдіс-тәсілдерді, осндай-ақ соған ұқсас басқа да ойлау әдістерін қолдануға болады.    

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 17 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: