14:20
Риясыз рух

ҚОРҚЫНЫШ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

Ғалымдар адамдағы қорқыныш түрлерінің төмендегідей классификациясын ұсынады.

С.О.Кьеркегор өзінің философиялық көзқарасында қорқынышты екі түрге бөледі:

1. Эмпирикалық қорқыныш – нақты белгілі бір қауіп-қатер алдындағы қорқыныш;

2. Байыпсыз (түсініксіз) метафизикалық қорқыныш – жабырқау сезімдері секілді адамның өзіне және ішкі дүниесіне қатысты қорқыныш.

Д.Ю.Лукреций, п.Гольбах, Л.Фейербах сынды кейбір философтардың теорияларында қорқыныш – адамдағы сенімнің пайда болуына себепші фактор ретінде қарастырылады.

ХХ ғасырдың ортасында дж.Вольпе қорқыныш түрлерінің бірнеше әлеуметтік қырларын зерттеп, тіпті олардың кейбірінің адам өмірінде жиі кездесетіндігін айтқан. Мәселен:

  • Сыннан қорқу,
  • Өзгелердің тарапынан қабылданбаудан қорқу;
  • Адамдар алдында өзін толық аша алмаудан қорқу;
  • Елдің назары өзіне ғана ауудан қорқу,
  • Басшылықтан қорқу;
  • Наразылық танытудан немесе бір нәрсе талап етуден қорқу;
  • «Жоқ» деп айтудан қорқу;
  • Талап етілген нәрседен бас тартудан қорқу т.б.

Ю.В.Щербатых болса қорқыныш түрлерін үш категорияға бөліп қарастырады:

1. Биологиялық қорқыныш түрлері – адамның өміріне төнген қауіп-қатерлерден қорқуы;

2. Әлеуметтік қорқыныш түрлері – көп алдында сөз сөйлеуден, жауапкершіліктен, адамдармен қарым-қатынасқа түсуден қорқу т.б.

3. Экзистенциалды қорқыныш түрлері – адамның өзінде, яғни ішкі жан-дүниесінде болатын қорқыныш түрлері. Мәселен, өлімнен, белгісіздіктен, болашақтан, уақыттан, тылсым әлемнен қорқу т.б.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 16 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: