09:47
Риясыз рух

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОРҒАНУ МЕХАНИЗМДЕРІ

3. Тәкуин радд әл-фигл (реактивті білім алу): Іштегі мотив пен сезімдерге қайшы әрекет қылу

Ішкі түйсікке қарама-қарсы іс-әрекет қылу – адамның өзгелерге көрсеткісі келмей, жасырып қалуды қалаған мінезіне қайшы әрекет етуі арқылы көрініс табады. Мәселен, адам біреумен қарым-қатынас жсаған кезде, іштей жек көріп тұрса да онымен әдепке сай, жақсы мәміледе болуға тырысады. Осы арқылы іштегі қызғаныш, дұшпандық, жек көру сезімін жасырып қалғысы келеді. Іштерінде қызғаныш, жек көру, дұшпандық сезімі тұра, мұндай адамдар бір-біріне әртүрлі мақтау сөздер айтып, жасап жатқан істеріне таң қалыс білдірген сынай танытады. ал жанынан айрылған кезде саыртынан жамандап, дұшпандық әрекетке көшеді. Мұны күнделікті өмірден де көруге болады.

Құран мұны мұнафықтардың табиғатын баяндау барысында былайша әшкере қылады:

«Ал сенің қасыңнан кеткеннен кейін (немесе) қолына билік тізгіні тигенде, жер бетінде бұзақылыққа басып, бар нәрсені қирату және егістікті (һәм адамзат үшін ауадай қажет болған басқа да тіршілік көздерін( және нәсілдерді жою мақсатында тынбай әрекет етеді. Алла Тағала бұзғыншылықты жақсы көрмейді» («Бақара» сүресі, 204-205-аяттар).

Бұл – Әхнәс ибн Шәрик деген кісі хақында түскен аят. Ол – көркем сөзді, тілі орамды адам-ды. Пайғамбарға (с.а.с.) келіп жақсы көретіндігін, мұсылман екендігін айтып ант ішетін. Пайғамбардың мәжілістеріне де қатысатын. Бірақ Алла тағала ішкі әлеміндегі қайшылықты әшкерелеп, оның бұл әрекеттерін өтірікке шығарды.

Біле тұра мұндай қулыққа барған адамның іс-әрекеті жалғанға жатады. Осылайша ол өзін де, өзгені де алдағысы келеді. Мұндай адамның санасы мен жан-дүниесі тыныштық таппайды. Өмірін жалғандыққа негіздегені себепті, санасы әрдайым мазасыз, өмірі болса қорқынышқа толы. Үнемі «өтірігімді кім, қалай, қай жақтан әшкере етер екен» деген қобалдумен жүреді. Санасы мен рухани әлемі және адамдармен қарым-қатынасы жалғандыққа айналса да, ол иманның ләззатынан да мақұрым қалады. Алла Елшісі (с.а.с.) үмбетін мұндай дерттен сақтандыру мақсатында:

«Мұсылман адам қорқақ немесе сараң болса да, өтірік айтпайды», - деген.

Асылында, айлаға жүгініп адамның өзін және өзгені алдауы, бойында «характерлік әдептің» әлі орнықпағандығын көрсетеді. Характерлік әдеп – адамның әділдік, шыншылдық, сабыр, қарапайымдылық, ұстамдылық, еңбексүйгіштің т.с.с. тұлғалық қасиеттері. Характерлік әдептер – адамның жеңіске жетуінің негізі. Бұл қасиеттер адамның өзінде. Іштен әсер етеді. Мұны дамытқан адам өмірдің кез келген сәтінде өзінің адамдық келбетін жоғалтпайды. Әрбір ісінде бойынан адамгершілік құндылықтардың нышаны байқалып тұрады. Бұл қасиеттерді аяқ асты еткен адам кісілік келбетін жоғалтып, рухани құбыжыққа айналады.

Құранның келесі аяты бір адамның бойынан жоғарыда айтылған мына екі сипаттың табылуы мүмкін екендігін көрсетеді. Бұл – біле тұра айлаға жүгіну және сол арқылы жалған қарым-қатынасқа түсу немесе өтірік айту.

«Адамдар арасында (жүрекпен сенбесе де, құр тіліменен) «біз Аллаға және ақирет күніне иман келтірдік» дейтіндер бар, бірақ олар шынайы мүмін емес»

«Олар өздерінше Алланы және иман келтіргендерді алдағысы келеді, бірақ түбінде өз-өздерін ғана алдайды һәм соның парқына да бармайды» («Бақара» сүресі, 8-9-аяттар).

Құран көрсеткен мұндай айлалар, ХХ ғасырдың бастапқы кезінде, пациенттерді емдеу барысында Зигмунд Фрейд тарапынан ғана тәжірибелік тұрғыдан зерттелді. Зигмун Фрейд пациенттерді психотерапиялық жолмен емдеу кезінде, олардың іс-әрекеттерінен жоғарыда айтылып өткен айлаларды анықтаған болатын.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 20 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: