21:03
Риясыз рух

МОТИВТЕРДІҢ АУЫТҚУЫ

Адам бойдағы мотивтерді басқарып үйренбесе, қажеттіліктерін өтеуде ысырапқа жол беріп, мотивтермен бірге келетін ләззаттың құлына айналады. Бұдан да сорақысы, егер ләззат алуды өмірінің мақсатына айналдырса, бойдағы мотивтер атқаруы тиіс өз міндетінен ауытқиды. Мұндай кезде мотивтер тіршілікті жалғастырудың құралына емес – мақсатына айналады. Ол енді мотивтер мен сезімдерді басқаратын адам емес, керісінше, мотивтер мен сезімдері оны басқаратын адам болады. Бр сөзбен айтқанда, адам – мотивтер мен сезімдердің құралына айналады.

Адам кейдк сыртқы ортаның әсерінен мотивтерді негізгі мақсатынан ауытқытып алады. Мәселен, физиологиялық мотив ішінде жыныстық мотивтің негізгі мақсаты – жер бетінде ұрпақ өрбітіп, нәсілді сақтау. Ал одан ләззат алу – онымен бірге келетін құрал. Бірақ мақсат емес. аштық пен шөлдеу мотивінің негізгі мақсаты да – адамның тіршілігін сақтап қалу. Ләззаты – оның құралы.

Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда көп адам мотивтегі мақсат пен құралдың орнын ауыстырып алды. Сол себепті қоғамда жыныстық қатынастың ләззатын ғана мақсат етіп, әйелдерді тек ләззат алудың құралы ретінде ғана пайдалануды қалайтын, ал бала асыраудың жауапкершілігін арқалағысы келмейтін бойдақ еркектер көбейді. Сол секілді тәнін әдемі қалпында сақтауды мақсат қылып, негізгі уәзипасы бала табудан қашатын әйелдер де көп.

Аштық мотивін алар болсақ, бұл жерде де дәл солай. Адамдар үшін бүгінгі таңда тамақ – негізгі мақсат. Сондықтан кейбір адам қарны тойса болды, басқа ештеңені ойламайды. Ол адамды мұқтаждың хәлі, қоғамның жағдайы алаңдатпайды. Өйткені ол үшін басты мақсат – тамақ жеу, қарын тойдыру.

Психологиялық және рухани мотивтердің ауытқуына, мансап пен билікке немесе байлыққа иелік ету мотивін мысал етсек болады. Адамдар бүгінгі таңда мансап пен билікке немесе байлыққа жетуді – құрал деп білмейді, мақсат көреді. Сол себепті дүние қуып, бар өмірін соған сарп етуде.

Асылында, мансап немесе байлық – дін мен қоғамның, елдің және адамзаттың игілігі үшін пайдалануға арналған құрал ғана.

Мотивтердің ауытқуы және адамды басқаруы – физиологиялық және рухани мотивтерде бірдей орын алады. Мәселен, адамның рухани мотиві тазалығын жоғалтса, адам жер бетіндегі ең қауіпті деген ақылды «хайуанға» айналады. Оның рухани алаңын азғындық жайлайды.

Шошқа не жесе де лоқсып, құспайтыны секілді, адам да азғындықтың қай түрін жасаса да беті бүлк етпейтін дәрежеге жетеді. Рухани мотивтің ауытқуы себепті, бір Аллаға сыйынудың орнына – қайдағы бір пұттарға, бақа-шаянға, тау-тасқа, шүберек пен жүнге, тіпті әйелдің немесе еркектің жыныс мүшесіне табынып кетеді.

Адамның физиологиялық мотивтері ішінде ауытқуға ең бейім тұратыны – жыныстық мотив. Соңғы ғасырларда психолог ғалымдар адамдар арасында ауытқуға ұшырап, көп тараған жыныстық мотивтердің бірнеше түріне зерттеу жүргізген. Мәселен, Зигмунд Фрейд бірнеше ауытқу түріне зерттеу жасаған. Бұларға:

- Әйел мен ердің өз жыныстық мүшесін қолмен ләззатандыруы;

- Әйелдің артқы мүшесінен қосылу;

- Еркек пен еркектің қосылуы;

- Әйел мен әйелдің қосылуы;

- Адамның жануарлармен жыныстық қатынасқа түсуі т.б. түрлері жатады.

Жыныстық мотивтің ауытқу түрлерінің бірі – фетишизм. Бұл қарсыдағы адамның қолданған киімінен, шашы мен аяқтары секілді денесінің бір бөлігінен ләззат алу. Сондай-ақ, вуайеризм. Бұл адамның жалаңаш тәніне және ұятты жерлеріне қарап ләззат алу. Ауытқудың тағы бір түрі – адамның өзінің әурет жерлерін басқаларға көрсету арқылы ләззат алуы. (жалғасы бар)

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 29 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: