09:33
Риясыз рух

БӘСЕКЕЛЕСТІК немесе ӨЗАРА ЖАРЫСУ МОТИВІ

Бәсекелестік немесе өзара жаысу мотиві – адамның өзі өмір сүріп жатқан қоғамнан үйренетін әлеуметтік-психологиялық мотивке жатады. Бұл – адам мен қоғам үшін аса маңызды мотивтердің бірі. Бәсеке мен өзара жарысу мотиві жақсылық пен ізгі амалдар аясында жүзеге асса, адам мен қоғамның дамуына алып келеді. Адамның алған білімі мен тәрбиесі, оның ілгері дамуына және өскен ортаның шарттары мен талаптарына сай бәсеке алаңдарына жол ашады.

Адам өзі өмір сүріп жатқан қоғамда, экономикалық, саяси, ғылыми және басқа да салаларда бәсекеге қабілеттілікті үйренді. Бәсеке бар жерде қашан да даму бар. Бұл жерде ескере кететін мәселе: бәсекелестік немесе өзара жарысу мотиві адам санасында «өзгелерге өктемдік ету, аяқтан шалу, зұлымдық қылу, төмендету» секілді психологиялық дерттерге жол ашпауы тиіс.

Психологтардың айтуынша, өзара жарысу мотиві батылдық, байсалдылық, дер кезінде шешім қабылдай білу секілді мінездерді қажет етеді. Сондықтан міндетті түрде өзара жәрдемдесу және әділеттілік құндылығына негізделуі тиіс. Әйтпесе адамда эгоистік түсінік басым келіп, әркім қара бастың қамын күйттейтін болады. Ол кезде «Ортақ мақсат үшін жұмыла харекет қылу» ұғымы өз тіршілігін тоқтатады. Бұл нәрсе жеке адам үшін де, қоғам үшін де қауіпті.

Ислами психология тұрғысынан айтсақ, хадистерде мұсылман қауымын символикалық тұрғыдан «Бір денеге немесе құрма ағашына» теңеу үрдісі бар. Мұның өзі ортақ құндылықтар аясында – «ортақ мақсатқа жету» мәселесін және «өзара жәрдемдесе отырып жарысу принципін» күн тәртібіне шығарады. Бұл принципке Құранның бірнеше аятында да ишарат етілген.

«... ізгі істерде, сондай-ақ тақуа болу мәселесінде бір-біріне жәрдемдесіңдер! Ал күнәлі істерде һәм дұшпандық жасап, шектен шығуда біріңе-бірің болыспаңдар» («Мәнда» сүресі, 2-аят).

«... Ендеше, адамдар өзара жарысатын болса, осынау мәңгілік жаннат мекен үшін жарыссын!» («Мутаффифин» сүресі, 22-26-аяттар).

«... жұдырықтай жұмылып, жақсылықта жарысыңдар һәм топ жарыңдар» («Бақара» сүресі, 148-аят).

«Ендеше, (қол қусырып отырмай немесе кері кетпей) игілікті істерде бір-біріңмен жарысыңдар...» («Мәидә» с.ресі, 48-аят).

Асылында, Құран адамды тақуалық пен ізгі амалда, адами құндылықтарды сақтауда, иләһи заңдылықтарды ұстануда, адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуда, отбасы тыныштығын бұзбауда, қоғамға пайда келтіруде өзара бәсекеге түсіп, жарысуға шақырады. Сонымен қатар өзара жарысу ізгілік пен жақсылық аясында болғанын қатаң ескертеді. Осындай мақсатта қолданылған кезде ғана өзара жарысудың шынайы табиғаты ашылмақ. Ал керісінше, өзара жарысу, адамдар тарапынан бір-бірін мұқату, басқаға үстемдік жүргізу, зұлымдыққа душар ету, бақталастық себепті бір-біріне дұшпан болу мақсатында орын алса, адамның ойын жамандыққа жетелеп, іс-әрекетте күнәға итермелейді. Бұл – Исламның мұратына сай келмейді.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) мұсылмандарды адам бойындағы батырлықты, рухани күшті, өмірге деген құлшынысты оятатын нәрселерде өзара жарысуға шақырады. Ибн Омар (р.а.) жеткізген риуаятта: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) сәйгүлігін әзірлеп, ат жарысына қатысатын» делінген. Сонымен қатар садақ ату ойындарына да қатысқаны айтылады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 36 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: