23:37
Риясыз рух

ӨЗІН және ӨЗГЕЛЕРДІ, СОНДАЙ-АҚ ӨМІРДІ ШЕКТЕН ТЫС ЖАҚСЫ КӨРУ СЕБЕПТІ ТУЫНДАЙТЫН НӘПСІНІҢ ДЕРТТЕРІ

2. Рия жасау

Рия мәселесін жақсы түсіну үшін, қысқаша ықыласқа түсіндірме бере кетейік. Ықылас – Алламен болған қарым-қатынаста ниеттегі шынайылық. Сондай-ақ ықылас – адамдағы харекет пен тыныштық кездің Алла үшін болуы. Рия болса – аталған ықыластың антонимі. Сол себепті нәпсінің ең қатерлі дерттерінің біріне жатады. Ықылас жоқ жерде шынайылық та жоқ. Ал шынайылықтан ада кез келген жүрек пен қоғам – түбінде құрдымға кетеді.

Рия жасау – әлсіз адамның сипаты және көптеген жаман мінездің (ахлақ) қайнар көзі. Рия жасаудың ар жағындағы негізгі мақсат – адамдардың назарын өзіне аудару, көңілдерінен шығу, олардың тарапынан мақтау мен құрмет күту. Рия жасаушы адамның ниеті осындай негізде құрылғандықтан, оның ісі мен сөзі арасында сәйкестік болмайды.

Өйткені ниет егер жалған нәрселердің негізінде құрылса, сол ниеттен туындайтын іс-әрекет те жалған.

Асылында, өмірдегі әрбір ниет пен іс-әрекет, ертеңгі күні рухани және психологиялық әрі физикалық тұрғыдан бос шаршау болып қалмасы үшін – абсолютті Құдірет иесі, Мәңгі тірі – Алла разылығы үшін орындалуы қажет. Алла елшісі (с.а.с.) үмбетіне осыны ескертіп: «Алла тағала Өзінің разылығы үшін жасалған амалдан басқасын қабыл етпейді», - деген.

Ислам көзқарасында рия – Аллаға серік қосудың кіші түрі саналады. Сонымен қатар, жасалған барлық жақсылық пен құлшылық-ғибадаттың ертеңгі күні адамның жүзіне ұрылып, өзіне кері қайтарылуына себеп болатын, адамды үлкен өкінішке душар қылатын қатерлі дертке жатады.

Асылында, адамның бәрінде өзгенің жүрегінен орын алу сезімі, сондай-ақ, басқалар тарапынан бағалансам, маған назар аударылса және қоғам ішінде белгілі бір статусты иеленсем деген азды-көпті қалау бар. Алайда мүмін адамның ерекшелігі сол – осы қалау мен сезімдердің барлығын тек қана Алланың разылығы үшін қолдана біледі.

Рияның емі – шынайы ықылас. Адам әр ісін ықыласпен орындауға талпынған кезде барып, рия дертін жеңе алады. Әбі Ләйс әс-Самарқани бір сөзінде рияның адамға ешқандай пайда әкелмейтіндігін айтып: «Алла разылығынан басқаны мұрат етіп құлшылық қылған адамның жағдайы, әмиянына тас толтырып базарға шыққан адамның мысалы секілді. Адамдар оның әмияны толы екенін көріп «неткен бай адам!» деп таңырқай қарайды. Алайда оған адамдардың өзі туралы осылай айтқанынан басқа ешқандай пайда жоқ. Бейшара базардан бір нәрсе алайын десе, әмияны толған тас екенін көрген саудагерлер оны жындыға балап, ат-тонын ала қашады, оған ештеңе де сатпайды», - дейді.

 
 

жиған-терген                 

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

                                                                                      

 

Просмотров: 54 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: