08:53
Риясыз рух

ЖАМАН НИЕТТЕН ТУЫНДАЙТЫН НӘПСІНІҢ ДЕРТТЕРІ

1. Өзгенің қайғысына қуану, табалау

Жүректің қарайғанын, рухани азғындықты білдіретін өте қатерлі дерт. Эгоизмнің шыңы десек те болады.

Бұл дертке шалдыққан адам ешкімге жақсылық ойламайды. Керісінше, өзгенің басына түскен қиындыққа, қайғы-мұңға қуанады. Содан рахат табады. Бұлардың рухани азығы осы. Ал егер біреудің басына қуаныш келсе, ызадан булыға жаздайды.

Құран бізге адамдағы нәпсінің бұл дертін былайша суреттейді: «Егер сендер қандай да бір жақсылыққа кеңелсеңдер, бұл олардың көңіліне қаяу түсіреді. Ал бастарыңа қандай да бір жамандық келсе, онда олар мәз болып, қуанады» («Әли Имран» сүресі, 120-аят).

Мұсылман адам бойынан мұндай дерттің ұшқынын байқаған бойда, бірден емдеу шараларын қолға алуы тиіс. Иманнан бастау алатын мұсылман адамның табиғаты бұған сәйкес келмейді және толығымен қарама-қайшы. Мұны Алла елшісі (с.а.с.) өзінің бір хадисінде: «Мүміндер бір-біріне сүйіспеншілік, мейірімділік және жанашырлық танытуда біртұтас дене тәрізді. (Мұсылманның) бір жері ауырса, ұйқысы қашып, ыстығы көтеріліп, бүкіл денесі ауырған жерінің мұңына ортақтасады», - деп түсіндірген.

 

2. Қулық-сұмдық, айла, қастық

Бұл адамның жаман пиғылын көрсететін нәпсі ауруы. Мұның да аржағында эгоизм дерті жатыр. Адам қулық-сұмдыққа, айлаға, қастыққа, белгілі бір пайдаға кенелу үшін барады. Пайда табу мақсатында осы жолды таңдап, осындай әдіс-тәсілдерді қолдануы – оның рухани дертке шалдыққандығының айғағы. Ислам діні бұған қатаң тыйым салады. Пайдаға адал жолмен, ешкімнің ақысын жемей жетуді мақсат етеді. Бұған дейін айтқанымыздай, қулық, айла секілді тәсілдер тек соғыс жағдайында және төнгелі тұрған қауіптің бетін қайтару мақсатында ғана қолданыс таба алады. Ал бейбіт уақытта мұны қолданысқа енгізу – күнәлі іс.

 
 

жиған-терген                 

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

         

Просмотров: 49 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: