19:23
Риясыз рух

ШЕКТЕН ТЫС ӨЗГЕНІҢ ІСІНЕ АРАЛАСУДАН ТУЫНДАЙТЫН НӘПСІНІҢ ДЕРТТЕРІ

1. Өсек

Өсек – адамдар арасында сөз тасу. Адамдағы өзгелердің білуін қаламаған сырлары мен айыптарын жария ету. Осы арқылы қарым-қатынастарына сызат түсіріп, араларында бүлік орнатуды мақсат қылу. Өсек – әлеуметтік зияны үлкен нәпсінің ауруы. Сол себепті Исламда үлкен күнәлардың қатарына кіреді. Сөз тасушы адамның хабары шын болсын, өтірік болсын – өсекке жатады. Ғалымдар: «Адамды тозаққа кіргізетін шындық – өсек, ал жәннатқа кіргізетін өтірік – жалған сөзбен болса да екі адамның арасын жарастыру», - дейді. Алла елшісі (с.а.с.) бір хадисінде: «Өсекші жәннатқа кірмейді», - деген. Құранда төмендегідей сипатқа ие адамдардың сөзіне ермеу және ырқына бағынбау өсиет етіледі. Соның ішінде сөз тасушы өсекші де бар: «ендеше, мыналардың ешбірінің ырқына бағынба: ант бергіш қадірсіздің, өзгелерді кемсітіп ар-намысқа тиетіннің, сөз тасығыш өсекшінің, үнемі жақсылықтың алдын кес-кестейтіннің, шектен шыққан әрі күнәға белшесінен батқан залымның» («Қалам» сүресі, 10-12-аяттар).

Өсектің тағы бір тармағы – қауесет сөз тарату. Бірақ екеуінің арасында айырмашылық бар. Өсек – орын алған оқиға мен адамның бойында бар кемшілік пен айыпты сөз қылып адамдар арасында тарату болса, қауесет – осының бәрін ойдан құрастырып сөз ету. Діни тұрғыдан екеуі де үлкен күнә.

 

2. Ғайбат

Ғайбат – әлеуметтік зияны өте үлкен дерт. Бұл да адамдар арасындағы қарым-қатынасқа нұқсан келтіретін қатерлі дерт. Сондықтан дінімізде үлкен күнәлардың қатарына кіреді.

Ғайбат – мұсылманның келесі бір мұсылман бауырын, оған ұнамайтын сипатпен еске алуы. Егер ол сипат оның бойында бар болса ғайбат, ал жоқ болса, жала болып есептеледі. Алла елшісі (с.а.с.) бір хадисінде: «Ғайбат – мұсылман бауырың туралы (егер естісе( оған ұнамайтын сөз айтуың», - дейді. Сахабалардың бірі: «Егер айтқаным рас болып, мен сөз еткен мін, кемшілік оның бойында болса ше?» - деп сұрайды. Сонда ол: «Егер сен сөз еткен мін, кемшілік оның бойынан табылса, оны ғайбаттаған боласуң. Ал егер табылмаса, жала жапқан боласың», - деп жауап береді.

Ғалымдар біреудің сыртынан ғайбат айтушы адамды – рухани әлсіз адам деген. Сонымен қатар оны пасық адамдардың қатарына жатқызады. (жалғасы бар)

 
 

жиған-терген                 

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 60 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: