07:32
Риясыз рух

АДАМНЫҢ ӨЗІН ШЕКТЕН ТЫС ЖАҚСЫ КӨРУІНЕН ТУЫНДАЙТЫН НӘПСІНІҢ ДЕРТТЕРІ

3. Менмендік, өзіне шектен тыс тамсану

Адамның өзін шектен тыс жақсы көруінен туындайтын нәпсі дерті. Менмендіктің адам үшін ең қатерлі тұсы- оны дүниенің құлы қылады. Өзін шектен тыс жақсы көргендігі себепті, мұндай адам өзін басқалардан жоғары санайды. Осы себепті біреудің өзіне ақыл айтқанын көтере алмайды, ал жетістігін өлердей қызғанады.

Менмендік адамды шектен тыс еркіндікке итермелейді. Мұндай тип адам өзін басқадан жоғары санағандықтан, әр ісін дұрысқа балайды. Нәпсі қалауларына толығымен ерік береді, қалағанын істейді және мұны дұрыс емес деп есептейді.

Оның ойынша, бұл өмірде одан артық адам жоқ. Ал өзін айыптаған адамға дұшпан болады. Мүмкіндік туып жатса, түбіне жетуге тырысады.

Мұндай адамға байлық немесе билік бітіп ажтса тіптен қиын. Менмендік ауруына байлық пен биліктің буы қосылатын болса, оны көр соқыр ететіндігі соншалық – тіпті өзін құдаймын деп айтудан да тайынбайды. Бұған Нәмрудтың, перғауынның оқиғалары дәлел.

Менмендік дертіне шалдығып, нәпсі қалауларына толығымен ерік берген адам үшін бұ дүние нағыз комфорт алаңы. Ондайлар бұдан айырылғысы келмейді. Нәтижесінде, өлімнен өлердей қашады. Ақырет, қияметтегі есеп жайында айтқан адамды есі ауысқан жындыға, фанатикке балайды. Осы арқылы олар өздерін ақиқаттың ауылынан алыстатып жібереді.

 

Адамдағы өзіне шектен тыс тамсану дертін емдеу жолдары жайлы ибн Хазмның пікірі

Ибн Хазмның көптеген насихаты бар. Ол адамдағы өзіне тамсану дертіне байланысты өмірлік тәжірибесімен бөліседі. Оның айтуынша, бұл дерттен құтылу үшін ол ең әуелі өз кемшіліктерін анықтап, содан кейін кішіпейілдікті ұстанып, барлық іс-әрекетіне қарапайым нәрсе деп қараған. Бұдан ибн Хазмның өзіне тамсану дертін – оған қарама-қайшы боған іс-әрекетті қолдану арқылы емдегенін көреміз. Ибн Хазм қолданған бұл тәсіл – Әбу Хамид әл-Ғазалидің жаман мінез бен өзіне таңқалу дертін емдеудегі тәсіліне ұқсайды. Ибн Хазм аталмыш дерттен құтылу үшін бірнеше тәсілді ұсынады:

  1. Кімде-кім бұл дертке шалдықса, ең әуелі өз бойындағы кемшіліктерді іздесін. Нәпсінің кемшіліктерін білу – нәпсіні бұл дерттен арылтады. Нәпсінің кемшілігін білген соң, одан алыстауды және бірте-бірте жоюды үйрену қажет.
  2. Егер өз ақыл-ойыңа таң қалсаң, дереу барлық кемшілігіңді, дұрыс деп ойлаған ісің қате болған уақыттарды есіңе ал. Бұл нәрсе өзіңе деген таңданысты азайтады.
  3. Іліміңе таң қалсаң біл, сендегі білім – Алланың саған берген артықшылығы. Ендеше, өзіңе таң қалуың орынсыз. Сен білмейсің, бәлкім, қандай да бір сынақ себепті ол білім саған ұмыттырылуы мүмкін. Сендегі бар білім сендегі жоқ білімнің қасында тым аз. Білгеніңнен білмейтінің көп. Өзіңе таң қалудың орнын өз нәпсіңді айыптаумен толтыр. Осы сен үшін қайырлы. Және өзіңнен білімі әлдеқайда жоғары адамдар жайында ойлан. Олардың өте көп екенін көресің. Сол кезде нәпсің сабасына түседі.
  4. Егер батырлығыңа таң қалсаң, батырлықта өзіңнен асып түсетін адамдар жайында ойлан. Кәріліктің келуімен батырлық та азаятынын естен шығарма. Қартайған шағыңда әлсіздікте, сәби секілді боласың. Басқаларға деген мұқтаждығын артады. Бұрынғы батырлықтың аты ғана қалады.
  5. Мал-дүниеңе таң қалсаң, сенен де бай бола тұра бар малынан айырылып, бейшара халге түскен адамдар қаншама. Олай болса, малым көп, баймын деп мақтауың орынсыз. Қолыңдағы мал-дүниең ерте ме, кеш пе бәрібір жоғалады. Ал ертеңгі күні жоқ болуға тәуелді нәрсемен мақтану – барып тұрған ақымақтық.
  6. Сұлулығыңа таң қалсаң, жас ұлғайған сайын сұлулық та жоғалатынын ұмытпа.
  7. Достарыңның сені мақтағанына таң қалсаң, дұшпандарыңның саған деген жеккөрінішін есіңе ал.
  8. Егер шыққан тегіңе таң қалсаң, асылында, бұл нәрсе адамға дүниеде де, ақыретте де пайда бремейді. Ал пайдасыз нәрсемен айналысу әрі мақтану саналы адамға жараспайды.
  9. Егер бойыңдағы күшіңе таң қалсаң, бұқа мен қашыр және есек сенен әлдеқайда күшті. Олар сен көтере алмайтын ауыр жүктерді тасиды.
  10. Ширақ қимылыңа таң қалсаң, бұл мәселеде қоян мен құмай тазы сені басып озады. Кейбір мәселеде хайуан құрлы бола алмайтын адамның өзіне таңданып, мақтанға берілуі орынсыз.

Ибн Хазмның насихаттарынан адмдағы өзіне таң қалу дерті емдеуде «қарама-қайшы» әдісті қолданғанын аңғарамыз. Ибн Хазмнан кейін бұл тәсілді Әбу Хамид әл-Ғазали де қолданды.

 

4. Атаққұмарлық

Нәпсіге тән бұл аурудың ар жағында адамдар тарапынан шектен тыс мақтау есту және өзгелерге билік жүргізуді қалау дерті жатыр.

 

5. Жақсылықты білмеушілік (рахметі жоқ адам)

Адам өзін шектен тыс жақсы көре бастаса, өзгелер тарапынан жасалған жақсылықты «өзіне деген құмет» деп танымайды, керісінше, «міндет» деп біледі. Оның ойынша, барлық адам өзіне жақсылық жсауға, алдында құрдай жорғалауға және құрметтеуге міндетті. Ол басқаның ақысы желініп, құқығы тапталғанына пысқырып та қарамайды. Біреудің қайғы-мұңын сезінбейді. Оның бар ынта-ықыласы өз нәпсі қалауларын қанағаттандыруға жұмсалады. Бір сөзбен айтқанда, оған бәрібір. Өзінікі түгел болса болғаны. Осы себепті мұндай тип адам жақсылыққа – жақсылықпен жауап беру немесе рахмет айту дегенді білмейді. Ол – нәпсісі ауруға шалдыққан адам. Емделуі қажет.

 
 

жиған-терген                 

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

         

Просмотров: 67 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: