20:44
Риясыз рух

РУХАНИ КЕМЕЛДЕНУДЕ НӘПСІ ТӘРБИЕСІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Нәпсі – адамды жаратылыс ішінде ең кәміл дәрежегее көтеретін немесе ең төменгі дәрежеге түсіретін екі жақты бір дәнекер: тәрбиеленсе – жақсылыққа, тәрбиеленбесе – жамандыққа дәнекер болу қабілетіне ие, бейне бір екі жүзді пышақ секілді.

Құранда нәпсінің жақсылыққа да, жамандыққа бейім етіп жаратылғандығы айтыла келе, оны тәрбиелеп әртүрлі дерттен арлытқан адамның мұратына жетіп, ал керісінше, қараусыз қалдырып, күнәнің батпағына батырған адамның құрдымға кететіндігі де ескертілген: «Содан соң күнәнің жолдарын әрі одан сақтану, арылу жолдарын оның көкейіне салып, білдіргенге серт! Ал енді сол нәпсіні (тәкаппарлық пен Аллаға қарсы келу дертінен) арылтқандар (Алланың ауыр азабынан) құтылып, мұратына жетеді. Ал нәпсісін (тәкаппарлық пен күнә батпағына) батырып бүлдіргендер құрдымға кетеді» («Шәмс» сүресі, 8-10 аяттар).

Аяттан ұғатынымыз, нәпсіні тәрбиелеу – адамның күш-қуатына бағынышты қылынған уәзипа. Демек, нәпсі тәрбиесі адамның мүмкіндігінен тыс нәрсе емес. кез келген адамның нәпсіні тәрбиелеп, оның әртүрлі хайуани қалауларын ауыздықтап, жақсылыққа бағыттауға шамасы жетеді. Бар болғаны таңдауды дұрыс жасай білу қажет. Яғни адам жақсы жолды таңдап, сол жолда табандылық танытса, соған сай нәпсіні тәрбиелей білсе, кемелдік жолына түседі. Күнә немесе азғындық жолды таңдап, сол жолда табандылық танытып, нәпсі қалауларына ерік берген жағдайда, надандықтың түпсіз шыңыраына құлайды.

Рухани тәрбие мен бақылаудан құр қалған әрбір нәпсі – ақиқатты ғапылдықпен алмастырып, адамды надандық құрсауына тоғытатын негізгі себеп. Сол себепті Ислам дінінде нағыз батыр – нәпсінің жеңе білген адам ретінде қарастырылған. Хадисте:

«Нағыз батыр – нәпсісін жеңе білген адам» делінсе, келесі бір хадисте: «Нағыз жиһад жасаушы кісі – өзінің нәпсісімен күресуші», - делінген.

Алла Елшісі (с.а.с.) мұсылмандарды кемелденуге, нәпсі тәрбиесіне көңіл бөлуге, сол арқылы бұ дүние мен ақыреттің жетістігіне жетуге үндейді. Әбу Һуарайра жеткізген хадисте Алла Елшісі (с.а.с.):

«Дүниеден өткен әрбір адам өкініште болады» деген. Сонда қасындағылар: «Өкініші не себепті?» деп сұрайды. Сонда Ол (с.а.с.): «Жақсы адам болса, бойдағы ізгі қасиеттерді одан әрі шыңдай түспегені үшін, ал жаман адам болса, бойын күнәдан тазартпағаны сеебпті» деп жауап береді.

Хадистен ұғатынымыз, адам өмірде бойдағы кемшіліктер мен жаман әдеттерден және күнәлардан арылып, өзіндегі потенциалды барынша дамыту арқылы кемел адам деңгейіне көтеріліп, дініне, еліне, отанына, адамзатқа қызмет көрсетуі қажет. Өйтпеген жағдайда адам көптің бірі болып жүре береді. Ал мүмкіндігі бола тұра өз бойындағы потенциалды дамытпай, өмірін босқа өткізетін болса, өмірде жетістікке жете алмайды, ал ертеңгі күні сұралады. Бұған қатысты Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді:

«Қиямет күні Алланың алдына барғанда, бірде-бір пенде өзінің өмірін қалай өткізгендігі, алған білімін қалай қолданғандығы, дүние-мүлкін қандай жолдармен тауып, қай жолда сарп еткендігі жәнен тәнін қайда жүріп тоздырғандығы жайлы есеп бермейінше, бір адым алға жылжи алмайды».

Әбу Хамид әл-Ғазали: «Кейбір адам баласы бұл өмірде «шаһуат», «ашу», «дүниеқұмарлық» сынды жаман мінездерден құтылуы ауыр санағандықтан «оларды тәрбиелеу – бос іс» дейді. Бірақ бұл пікір қате. Енді бірі – нәпсіні түбімен жою керектігін айтады. Бұл да қате. Негізінде, бұл сипаттардың өзіндік пайдасы бар. Шаһуат болмаса адамдар жеп-ішуден қалады, сөйтңп өздерін өлімге душар етеді. Ал жыныстық қатынас болмаса, ұрпақ жалғаспайды. Сол секілді ашу болмаса, адам өзіне төніп тұрған қауіп-қатерден қорғана алмайды» деу арқылы, ортаж олды ұстану тәсііл арқылы нәпсіні тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталады. (жалғасы бар)

 
 

жиған-терген                 

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 63 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: