09:30
Риясыз рух

ЖҮРЕКТІҢ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСУ

Жүрек – адамның ақиқаты. Жүрек – иманның, мейірімнің, адамгершіліктің, кешірімнің, жанашырлық пен сұлулықтың, махаббаттың мекені. Жүректің рухани әлемі – Құдайдың назары түсетін орын. Жүрек – әрдайым адамға ақыл, интуиция және сезімдер арқылы үн қатады. Адам жүректің үнін – ойы мен сезімдерінен жоғары қоюды үйренуі тиіс. Көп адам бұларды бір-бірімен шатастырады. Асылында, өзіне шынайы көзбен қарап, өз-өзін танып, жақсылап көңіл бөлген адам, жүрек үнін ой мен эмоциядан ажырата біледі.

Жүрек әрдайым адамға үн қатады. Осы жерде адамда таңдау бар, не жүректің үніне құлақ асады, не болмаса тыңдаусыз қалдырады. Көп адам, өкінішке орай, екінші нұсқаны таңдап жатады.

 Асылында, жүрек үніне құлақ асқан адам көптеген жамандықтан аман қалады. Мәселен, адам бір күнәні жасауды ойша жоспарлайды. Бұл нәпсілік қалаудың шаһуат арқылы ақылға әсер еткен көрінісі. Одан кейін сол күнәға қатысты адамда белгілі бір эмоция пайда болып, шаһуаты одан сайын арта түседі. Ашу қуаты күшейеді. Бұл кезде адамды күнәдан қайтаруға ақылдың күші аздық етеді. Өйткені шаһуаттың артуы мен ашу қуатының күшеюі және бойдағы эмоция ақылдың күшін әлсіретіп тастайды. Бұлардың ешқайсысына ырық бермейтін жүрек қана. Жүрек адамға әлгі істің өзіне зиян екендігін және күнә болатындығын айтып, рухани әлемнен үн қатады. Егер адам жүректің үніне құлақ асса, өзін сақтайды. Ал шаһуат пен эмоцияға жеңдірсе, жамандыққа бой алдырады. Нәпсі қалауы өз дегеніне жетіп, күнә мен жамандық орындалып, шаһуат пен эмоция басылған уақытта, жүректің үніне құлақ аспағаны ақыл мен ар-ұждан келіп адамның санасын мазалай бастайды. Мінеки, осы кезде барып адамның жан-дүниесі тынышсыз хәлге еніп, бойын өкініші билейді. Бұл – барлық адамда кездесетін құбылыс.

Алла елшісі (с.а.с.) Уабиса ибн Мәғбадқа жақсылық пен жамандыққа қатысты жүректің үніне құлақ асуды насихат қылып: «Ей, Уабиса! Мұны жүрегіңнен сұра, жүрегіңнің үніне құлақ ас!» деп, үш мәрте қайталаған болатын.

Хакім Абай да қара сөзінде жүректің рухани үн қату қасиетін тамаша түсіндіріп өтеді. Ғылымды сөйлету арқылы: «Ей, ақыл! Сенің айтқандарыңның бәрі де рас. Сенсіз еш нәрсе табылмайтұғыны да рас. Жаратқан Тәңіріні де сен танытасың, жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да – бәрі сенен шығады. Жақсының, жаманның екеуінің де сүйенгені, сенгені – сен, екеуінің іздегенін тауып беріп жүрсің, соның жаман», - депті.

- Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет» деп, осы үшеуі кімде үйлесімділік тапса, сол адамның табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адамға айналатындығын, ал үшеуі ала болған жағдайда жүректі жақтайтындығын тамаша баяндап береді (Он жетінші қарасөз).

 
 
 

жиған-терген                 

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 94 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: