19:04
Риясыз рух

ЖҮРЕККЕ ТӘН ЕРЕКШЕЛІКТЕР

Адам жүрегінде өзге жаратылыстардағы жүректен бөлек өзіндік ерекшеліктер бар. Осы себепті ол өзгелерден үстем әрі қадір-қасиеті жоғары. Бұл ерекшеліктер – ілім және қалау деп аталады.

 

1. Ілім.

Ілім – адамға берілген ең үлкен сыйдың бірі. Ілім арқылы адам дүниелік және ақыреттік танымға, сондай-ақ өмірлік қажетіне қол жеткізеді. Ілім – сезім мүшелері арқылы келетін мәліметтер тысындағы ғажайып нәрсе. Періштелердің құрмет сәждесін жасауы да Адам пайғамбарға (а.с.( берілген ілім себепті орын алған еді. Құранда адамға берілген ілімнің маңыздылығы: «Білетіндер мен білмейтіндердің терезесі тең бе?» - деп айт. Әйтсе де, (осынау ақиқаттарға) тек нағыз ақыл иелері ғана ой жүгіртіп ғибрат алады» («Зүмәр» сүресі, 9-аят) деп баяндалады.

 

2. Қалау

Адам ақылмен бір істің нәтижесі пайдалы болатындығына көз жеткізсе, жүрекке оның пайдасы жайында белгі береді. Нәтижесінде, ол істі қолды қылу үшін жүректе қалау сезімі ортаға шығады. Сөйтіп ол ізгі ниетке ұласады. Соңы ізгі амалмен бітеді.

Бұл нәпсілік қалауға һәм шаһуатқа жатпайтындықтан, жануарларға тән қалаудан өзгеше. Нәпсіге тән шаһуат өзі қалаған нәрсесіне қол жеткізу үшін тер төгуді немесе еңбек етуді қаламайды. Оңай жол іздейді. Өйткені қалағаны бір сәттік ләззат қана. Сондай-ақ нәпсіге тән шаһуат істің нәтижесін көре алмайды, істің зиянды немесе пайдалы екендігінің парқына баруға қақуарсыз. Ол тек өзіндік қалауымен бір істі қалайды. Ал оны ретке келтіретін – ақыл. Егер ақылдың жүректен алатын сәулесі аз болса, нәпсіге тән шаһуатты, қалаған зиянды нәрсесіне жіберіп алады, нәтижесінде мазасыз күй кешеді. Себебі күнә және зиянды нәрсе адам санасы мен жүрегіне ешқашан тыныштық бермейді.

Ақылдың табиғаты сол – бір нәрсеге қол жеткізу үшін еңбек етіп, тер төгеді, әртүрлі жолдарды қарастырады. Жүрекке белгі беру арқылы ағза мүшелерін харекетке жұмылдырады. Егер Алла тағала істің пайдалы не зиянды екенін білетін ақылды жаратып, ағзаларды харекетке көшітерін ақылдың күшін жаратпағанда, ақылдың ар болуының пайдасы болмас еді. Адамның жүрегі де осы секілді, ілім және қалау арқылы өзге жүректерден ерекшеленіп тұрады.   

 
 
 

жиған-терген                 

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 70 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: