19:04
Риясыз рух

ЖҮРЕКТІҢ ӘСКЕРЛЕРІ

Жүрек – адамдағы көзге көрінетін ағза мүшелері мен көзге көрінбейтін рухани құндылықтардың басшысы болып жаратылған. Тілді сөйлететін, аяқты жүргізетін, ұстауды әмір ететін – жүрек. Сол себепті мұның барлығы жүректің әскері болып есептеледі. Олар өздеріне әмір етілген бұйрықты бұлжытпай орындайды. Бұл – Алла мен періштелер арасындағы қарым-қатынасқа ұқсайды. Періштелер Алланың бұйрығын қалайша бұлжытпай орындаса, дене мүшелері де жүректің әмірін екі етпейді. Бұл – жүректің жақсы не жаманды әмір етуінде бірдей көрініс табады.

Жүректің көзге көрінетін сыртқы (заһири) және көзге көрінбейтін ішкі (батини) әскерлері бар. Бұлардың міндеті – адамның физикалық және рухани әлемін таза қалпында сақтап, жан-жақты дамыту.

Сондықтан адам баласы өз болмысына берілген осы уәзипаны толығымен жүзеге асыруға міндетті. Сол кезде барып ол өз кемелдігіне қауыша алады. Ислам дінінде мұның бәрі адамға берілген нығмет ретінде де түсіндіріледі. Ал нығметтің сұрауы бар. Құранда ескертілген: «Шүбәсіз, сол күні (өздеріңе берілген) бар нығметтің есебін бересіңдер» («Тәкәсур» сүресі, 8-аят).

Жүректің сыртқы (заһири) әскеріне: көз, тіл, аяқ, құлақ, қол секілді көзге көрінетін ағза мүшелері жатады. Адамдағы бес сезім мүшесі де осының аясына кіреді. Бұлар жүрекке еш уақытта қарсы келмейді және берген әмірін екі етпейді.

Жүректің ішкі (батини) әскеріне: ұғыну, ойлау, қалау, шаһуат, ақыл, қиял секілді көзге көрінбейтін қуат күштері кіреді. Бұлардың кейде жүрекке қарсы келетін кездері бар.

Мәселен, адамның пайдасы үшін жаатылған нәпсі қалаулары мен шаһуат және ашу күші кейде шайтанның азғыруына еріп, жүрекке қарсы келеді. Мұндай кезде жүрек – білім, хикмет, терең ойлану (тәфәккүр), ғибрат алу секілді рухани құндылықтарды пайдалана отырып, олармен күрес жүргізеді. Егер жүрек өз ақиқатын жоғалтпай, таза қалпын сақтай білсе, бұл майданда жеңіске жетуі оңай. Ал күнә себепті қарайып, кірленген болса, жеңіс тұғырына көтерілу қиынға соғады.

Мына мәселені де ұмытпаған жөн, жүрек өзінің ақиқатын жоғалтқан кезде, әскерлеріне нәпсі мен шаһуатың ыңғайына келетін бұйрықтар бере бастайды. Бұл ендігі – ауру жүрек. Әбу Һурайра (р.а.): «Жүрек – патша. Қалған ағза мүшелері – оның әскері. Егер патша жақсы болса, әскер де жақсы болады. Ал патша бүлінсе, әскер де бүлінеді», - дейді.  

 
 
 

жиған-терген                 

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

                                                                                      

Просмотров: 73 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: