20:53
Риясыз рух

ЖҮРЕК және ОНЫҢ АҚИҚАТЫ

Адамның асыл көзі – көкірек көзі, яғни жүрегі. Осы жүрек ьазарып, нұрланған сайын, жүректің екі көзі; ақыл көзі мен сыртқы ортаны тамашалайтын маңдайдағы екі көзі де нұрлана түседі. Құранда бұған «Нұр үстіне нұр» («Нұр» сүресі, 35-аят) делінген. Жүректің тазалығы мен нұрлы ақылдың нәтижесіне «инширах ас-садр», яғни «көкірек көзінің ашылуы» деп айтылады. «Көкірек көзінің ашылуы» болса, маңдайдағы екі көз арқылы сыртқы әлемге «айнәл-якин», яғни «яқин дәрежесінде» қарауға мүмкіндік береді. Мұндай адам «мәләкут әс-сәмәуәти уәл ард», яғни «жер мен көктің сырларына» қанық болады. Әрине, Алланың қалауымен. Сонымен қатар «инширах ас-садр», яғни «көкірек көзінің ашылуы» және содан туатын «айнәл-якин», яғни «айқын көре білу», толыққанды жүрек тыныштығы мен қанағаттың орнауына мүмкіндік туғызады. Мәселен, Ибраһим (а.с.) пайғамбар Аллаға жалбарынып: «Уа, Раббым! Маған өлілерді қалай тірілтетініңді көрсетші», - деп өтінген еді. Алла оған: «Сен сенбейсің бе?» - деді. Сонда Ибраһим: «Әлбетте, сенемін. Бірақ (құдіретіңді өз көзіммен көріп, көңілім жай тауып) жүрегім толық қанағаттансын деймін», - деді». («Бақара» сүресі, 260-аят)

Аяттан ұғатынымыз, Ибраһим (а.с.) Алланың өлілерді тірілте алатындығына еш күмәні жоқ еді. Алайда Алланың құдіретін өз көзімен «айнәл-яқин», яғни «айқын көріп куә болу» арқылы толыққанды жүрек тыныштығы мен қанағатқа қол жеткізгісі келді.

Адамның ақиқаты жүрек және оның рухани әлемі болса, сол әлемнен тараған сәуле арқылы адам сыртқы әлеммен рухани байланысқа түседі. Сол себепті өмірде өзінің ақиқатын тапқысы келген адам жүрегіне үңілуі қажет. Одан кейін жүректі жүрекке тән күнәлардан сақтауы қажет. Жүректіңкүнәларына: күпірлік, қызғаныш, дұшпандық, кекшілдік, өшпенділік, рия (көзбояушылық), жалғандық т.б. күнәлар жатады.

Адамның ақиқаты – жүрек. Осы ақиқатты кірлетіп алмау қажет. Кім жүректі тазарта білсе, өзінің ақиқатын да табады. Жүрек тазарған сайын адамдағы әртүрлі қабілеттер де бүр жарады. Хақтықтың сәулесі түсіп, рухани әлемі пендешілік кірлерден арылады. Кеудесі даналық пен хикметке толады. Адамның әлемді сезінуі де өзгеше халде болады. Құдайға деген құлшылығы, өзге жаратылыстармен қарым-қатынасы ықыласқа қауышады. Адам жүрегіне үңіліп, өзінің ақиқатын таппаса, өмірден мән де таба алмай өтуі мүмкін. Өйткені ақиқатынан алыстай береді. Жүрек кірлеген сайын ондағы нәзік сезімдер де өшеді. Нәтижесінде, адам нәпсінің қалауларына жеңіліп, өмірді хайуани келбетпен, ғапылдық ішінде өткізіп алады. Құран да: «Ол күні Аллаға пәк һәм (рухани) кеселдерден ада, сау жүрекпен келген жан ғана (азаптан құтылып, мақсатына жетеді)» («Шұғара» сүресі, 89-аят) деп, жүрегін таза қалпында сақтай білген адамның ғана жететіндігін баяндайды.

Хакім Абай да осыны ескеріп: «Адамның жүректен аяулы дұшпандық, тәкаппарлық, мақтаншақтық секілді дерттерден арылмайынша сау болмайды. Сондықтан Алла елшісі (с.а.с.) адамның өзіне қалағанды бауырына да қалауын шарт қылды», - дейді. Мәкки ибн Әбу Талиб: «Сау жүрек – өзіне қалағанды бауырына да қалай білетін, сондай-ақ адамдар оның өтірігі мен зұлымдығынан зиян шекпейтін, Аллаға жн-тәнімен бойсұнған және Оған еш нәрсені тең көрмейтін жүрек», - дейді.

Асылында, өмірдің мәнін адам жүректің руханияты арқылы ұғады. Адамның шынайы қадір-қасиеті де, оның рухани тереңдігімен өлшенбек. Жүрегінің рухани әдеміне терең бойламаған адам – өзінің хайуани сипаттарынан толық арыла алмаған адам. Бұл оны өмір мектебінде талай мәрте сүріндіреді. Өмір – жақсылық пен жамандыққа, әртүрлі жағдаяттар мен оқиғаларға, мінездер мен сезімдерге, қалаулар мен шаһуаттарға, қуаныш пен қайғыға, қиындық пен жеңілдіктерге, сондай-ақ әртүрлі сынақтарға толы. Бұдан адамды аман алып шығатын бір ғана нәрсе – терең руханият. Ал руханият – жүректе. Рухани терең адам өмірдің қай сәтінде болмасын өзінің адами келбетін жоғалтпайды. Жүректің осы бір ерекшелігін ескеріп Алла елшісі (с.а.с.) үмбетіне жүрек мәселесінде абай болдуы насихат қылып:

«Адам денесінде бір кесек ет бар. Егер сол ет сау болса, бүкіл дене сау болады. Ал ол бұзылса, бүкіл дене бұзылады. Абай болыңдар. Ол – жүрек», - дейді.

Жүрек – Алланың назар салатын орны, иманның орнығатын мекені. Адам мұны естен шығармауы тиіс. Хадисте де: «Алла тағала сендердің дене бітімдеріңе, мал-дүниелеріңе қарамайды. Жүректерің мен амалдарыңа қарайды» делінген.

Жүректің ерекшелігі сол – бір-біріне қарама-қайшы екі нәрсені бірдей жақсы көруі мүмкін емес. егер жүрек зұлымдыққа қарай ауып тұрса, онда залымдарды жақсы көреді. Адамның барлық ағзасы залымның мүддесіне жұмыс жасайды. Ал жүрек ақиқатқа тартып, ақиқат өкілдерін жақсы көрсе, солардың досына айналады. Демек, сөз бен іс-әрекеттің шынайылығы тек қана жүрек арқылы бағаланбақ. Мысалға иман мәселесін алатын болсақ, тілімен ғана иман келтіріп, жүрегімен иланбаған адам Алланың алдында мүмін (мұсылман) саналмайды. Ал жүрегімен иланып, онысын тілімен айтпаса да, адам – Алланың алдында мүмін.

Олай болса, адам баласы жүректі таза ұстауы тиіс. Таза жүректен шыққан амал да тазалығын жоғалтпайды. Жүрегі таза адамның өмірі де күнә мен жаманшылық атаулыдан таза болады. Ал нәпсінің құлы атанып, күнәнің қапшығына айналған кір жүректен жиіркенішті сөз бен іс-әрекет туындайды. Мұндай адамның өмірі де жиіркенішті. Осы тұста адам өз таңдауын жасайды. Жүректітазартады, не болмаса кірлетеді және ертеңгі күні соған сай есеп береді. Жоғарыдағы аят та бізге осыны ұқтыруда.

 
 
 

жиған-терген                 

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 89 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: