20:30
Риясыз рух

АР-ҰЯТТЫ ДҰРЫС ҚОЛДАНУДЫҢ ЖОЛЫ

Адамды ар-ұят қысқан кезде ашулана бастайды және арсыздыққа бейім тұрады!

Ф.Достоевский

Адам бұған дейін де айтылған бойдағы ар-ұят (өзіндік ұят) пен әлеуметтік ұятты қатар оята білуі қажет. Сол кезде адам жалғыз қалса да немесе көпшілік арасында болса да, күнә мен жамандық атаулыдан өзін қорғай алады.

Адамның ар-ұяты ояу болса, оның сыртқы мәжбүрліктерге мұқтаждығы қалмайды. Өйткені оны өмірге құлшындырып, ізгі амалдарға ынталандыратын күш – сыртқы әсердің есебінен емес, өзінен бастау алатын болады.

Ар-ұят құндылығы – руханияттан бастау алып, адам бойында дұрыс тәрбиенің көмегімен оянатын құндылық. Сондықтан адамның бұл мәселеге қатысты әу бастағы алатын тәрбиесі дұрыс болуы тиіс.

Ұят адамды күнә мен жамандыққа жібермейтін болса, мақтауға тұрарлық адамгершілік қасиет болып саналады. Өйткені ұят – адамның рухани кемелденуіне себепші болатын иманның бір бөлігі. Ал егер ұят сезімі дұрыс қолданылмай, адамды қобалжуға душар етіп, орынсыз мазасыздануға түрткі болса, сондай-ақ, ұялмайтын жерде ұялдырып, орындалуы тиіс істі жасауға жол бермесе, онда бұл қасиет айыпталуға лайықты. Өйткені орынсыз ұялу, адамның дамуына кедергі жасап, өзіне тиесілі болған үлес пен құқықты аяқ асты етуге алып барады. Ғалымдар: «Орынсыз жерде ұялу – жасықтықтың белгісі», - деген.

Франкл: «Кейде ұят адамды қателікке ұрындырады. Бірақ қателесу ықтималдығы оны іс-әрекет пен талпыныстан босатпайды», - дейді. Абай мұндай ұят түрін: «Шариғат пен ақылға теріс надандықтың ұяты – ақымақтық және жамандық» дейді. Абай қара сөзінде: «Бір ұят бар – надандықтың ұяты, жас бала сөз айтудан ұялған секілді, жақсы адамның алдына жазықсыз-ақ, әншейін барып жолығысудан ұялған секілді. Не шариғатқа теріс, не ақылға теріс жазығы жоқ болса да, надандықтан бойын керістендіріп, шешілмегендік қылып, ұялмаснәрседен ұялған мұндай ұят шын ұялу емес – ақымақтық, жамандық», - дейді.

Демек, адам бойдағы ар-ұят құндылығын дұрыс қолдана білуді үйренгені жөн. Не нәрседен ұялып, не нәрседен ұялмау керектігінің парқына бара білуі тиіс. Өйткені бұл нәрсе – оның өмірде және ақыретте жетістікке жетуінің кепілі.   

 
 
 

жиған-терген                 

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 98 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: