22:01
Патриоттық рух рауаны

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМ АЯСЫНДА

Әр адам өзінің сау сана һәм салауатты түсінігінде өзін мәпелеп отырған еліне, асыл анасындай жылы құшағында аялап әм аймалап оытрған қасиетті жеріне патриоттық тұрғыдан тағзым ете құрмет тұтатыны аян. Ал олай болмағанда, адамдығың да, азаматтығың да құр далбаса, сұр бекершілік. Ғұлама біреу айтқандай: «Ақан бол-болма, бірақ азамат болуға міндеттісің». Азаматтығымыз асқақтай берсін де.

Аптаның қасиетті күні жұмада Лебяжі ауданы орталығы Аққудың Мәдениет үйінде «Елімнің Тағдыры – Менің Тағдырым» атты форум алаулатып-жалаулатып өткізілді. Осынау елдік маңызы орасан шараның жүзеге асуына аудандық ішкі саясат бөлімі һәм оның бастығы Мусина С.Р. мұрындық болғанын ерекше атап өткеніміз абзал.

Мәдениет үйінің фоесінде еліміздің, аймағымыздың, ауданымыздың өркендеуінен сипат беретін фото және кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ауданға қарасты ауылдық мекендерден ат терлетіп келген қатысушыларды ұйымдастырушылар жылы жүз таныта, сыйластық көрсете қабылдады. Бір жақсысы – зал іші еліміздің Байрағы түстерімен көмкерілді. Форумның салтанатты ашылуын Лебяжі ауданы әкімінің орынбасары Қасымова А.Ж. алғы сөзімен бастады. Алма Жәнтенқызы өз сөзінде осы шараның жас ұрпақты елжандылық тұрғыдан тәрбиелеуде қаншалықты маңызды екенін екшеді. Ал кең көлемді экраннан көрсетілген «Елімнің Тағдыры – Менің Тағдырым!» деректі фильмі көрермен-қатысушылардың азаматтық рухын пырақтатқандай әсер қалдырды.

Форумға қатысатын спикерлерді таныстыру барысында қысқаша өмірлік жетістіктері сипатталды, бір мезетте спикерлер сахна төрінен дербес орындарға жайғасты. Жол бастаудан да, қол бастаудан да қиын тиетін шаршы топтың алдында сөз бастаған әрбір спикер қысқа да нұсқа өрбітілген баяндамаларын кезекпе-кезек мінбер алдында азаматтығы асқақтап отырған көрермендер назарына әрі оқып, әрі әңгімелеп форум көрігін қыздыра, шараның маңызын нұрландыра түсті. Айталық, Шарбақты ауылдық округінен келген һәм ауданның Құрметті азаматы Молдакәрімова М.Ж., Лебяжі ауылдық округінен қатысқан аудандық Әділет басқармасының бастығы Хамзина Б.Қ., ең жас аудандық Мәслихат депутаты, «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Жиеналин Қ.Ж., Шақа ауылдық округінің сикері, кәсіпкер Қасымов Б.Д., Жамбыл ауылдық округі өкілдері, татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрайымы Сельханова О.И., Жамбыл орта білім беретін мектебінің мұғалімі, Ауған соғысына қатысқан интернационалист-жауынгер МайоровА.П., Ямышев ауылдық округінің намысын жетелеген Сатыбалды жалпы орта білім беру мектебінің биылғы түлегі Батталова Жансая һәм Қызылағаш ауылдық округі спикері, Бесқарағай жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ибраһим Б.К. өз баяндама-үндеулерінде туған елдің нағыз азаматы атанудың, өз тағдырын ел тағдырымен игілікті істер жүзінде сабақтастырудың жасампаздық үлгі-өнегесін өркендетуге бар қарым-қабілетін шешендік арқылы тырысып бақты.

Игі шара барысында аудан әкімі орынбасары Қасымова А.Ж. спикердің әрбіріне осынау республикалық форумға белсенділік таныта қатысқаны үшін аудан әкімі Құрманова А.А. Дипломымен салтанатты түрде марапаттады. Ал шығармашылығын үкілеген жас ақын Рыстан Айнұр өзінің патриоттық өлеңін үлкен сахнада оқыса, Қаызыләскер ауылдық округінен келген хор атақты «Атамекен» әнін шырқап, елдік рухты аспандатып жіберді.

Асылында, сондайма деңгейде форум жұмысына қатысқан әр азамат елжандылық, отансүйгіштік, ұлтжанашырлық атты құдіретті те қасиетті ұғымдарды өз бойына барынша сімірген болар. Алған ұшқынды өзге де азаматтарға дарытып, Отанға деген бірегей сүйіспеншілігін жалындататынына кәміл сенемін. Елжандылық біркүндік шарамен ғана түгесілмесін, атқан әр таң һәм батқан әр күнмен азаматтық рух желісімен ұдайы болсын!

ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

«Нұр Отан» ХДП «Бесқарағай» БПҰ төрағасының орынбасары

Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы    

Просмотров: 1385 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: