03:05
ОЖСБ - 2013

Сырттай бақылау үдерісі

ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН СЫРТТАЙ БАҒАЛАУ СЫНЫНАН ӨТТІ

Әлқисса, биылғы жылдың 9 сәуірінде Бесқарағай жалпы орта білім беру мектебінің қос бірдей 9 сынып оқушылары қазақ тілінен, ағылшын тілінен, алгебра, физика пәндерінен әрқайсысы 20 тест тапсырмалардан түзілген оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ) сынынан өтті.

Сырттай бақылаудың аталмыш түрі 2012 жылы өзіне тиесілі нұсқаулық негізінде Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі білім саласын бақылау комитеті тарапынан меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан білім беру ұйымдарында жүзеге асады. Ал  білім алушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеуді жүзеге асыру; оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау; білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметінің сапасына салыстырмалы талдау ОЖСБ-ның міндеттері болып табылады екен. Павлодар облысы бойынша ОЖСБ – 2013 сынының бірінші легімен тапсыру бірнеше мектеп мойнына артылды. Лебяжі ауданы бойынша Бесқарағай жалпы орта білім беру мектебіне де бұйырыпты. Ал аталмыш бақылауды іс жүзінде жүзеге асыру Павлодар облыстық білім саласын бақылау Департаментінің мойнына жүктелді. Осынау мақсат-міндеттерді арқалап Департаменттің жетекші маманы Оралова С.У. және ҚР БҒМ уәкілетті өкілі Қарағатеева Г.Т. білім ордасына күні бұрын ат басын тіреді. Келе сала Сәуле Уахитқызы мектеп әкімшілігіне ОЖСБ-ның өзгертілген нұсқаулығы һәм басқа да ұйымдастыру шаралары хақында егжей-тегжейлі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, Гүлжан Тұяққызымен тестілеу өткізуге дайындалған дәрісханаларды аралап, ОЖСБ-ға қатысты нормативтік құжаттама базасын бақылау сүзгісінен бір өткізіп алды. Келесі күннің таңымен білім сыны өткізілді. Аузы-мұрны мықтап тұмшаланған қораптар тест болардың алдында-ақ ашылды. Онда болған сұрақ-кітапшалардағы тапсырмалар жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының негізінде әзірленген, олардың мазмұны аталған бағдарламалардың шеңберінен шықпаған болып шықты. Нұсқаулық бойынша екі сағатқа шақталған сынды жауапты екі қызметкер жеке-дара өздері бас-көз болып өткізді. Сынақ кезінде оқушыларға: 1) бір орыннан екінші орынға ауысуға; 2) кезекшінің рұқсатынсыз тестілеу материалдарын ашуға; 3) тестілеу материалдарын басқа оқушының материалдарымен айырбастауға; 4) калькуляторды, анықтамалық әдебиеттерді (Менделеев және тұздардың ерігіштігі кестесінен басқасын), электрондық жазба кітапшаларын, корректор сұйықтығын және байланыс құралдарын пайдалануға; 5) басқа оқушылармен сөйлесуге және көшіруге, шпаргалка және басқа да анықтамалық материалдарды қолдануға; 6) кезекшінің және Министрлік өкілінің рұқсатынсыз аудиториядан шығуға рұқсат етілмеді. Нәтижелері Павлодардағы ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пунктінде өңделіп, сол күні түстен кейін белгілі болды. Қазақ тілінде оқитын 9 сыныптың 6 оқушысы, төрт пәнді қоса санағанда, орта есеппен 51,2 ұпай жиса, орыс тілінде оқитын 5 оқушыдан құрамдалған жұптастары 35,6 ұпай қорын қанағат тұтты. Ал жекелей пәндер бойынша қазақ тіліндегі сынып оқушылары қазақ тілінен 16,8; ағылшын тілінен 12,3; физикадан 9,5; алгебрадан 12,5 ұпайларды орта есеппен еншіледі. Орыс тілінде оқитын 9 сынып оқушыларының көрсеткіштері мынадай болды: қазақ тілінен – 11,8; ағылшын тілінен – 6,0; физикадан – 6,8; алгебрадан – 11,0.      

Сайып келгенде, бесқарағайлық 9 сыныпта оқитын оқушылар ОЖСБ-ны талапқа сай деңгей үдесінен шыға білді. Демек, білім стандарты жоспарлы түрде орындалуда.              

ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ                                                                                                                          Бесқарағай ЖОББМ оқу ісінің меңгерушісі                                                                                                                                                            Лебяжі ауданы, Павлодар облысы      

Просмотров: 3435 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Dear Football Were through  
0
cleveland browns jerseys cheap jets jerseys china NBA NCAA North Carolina 23# Jordan White Jersey Cheap authentic packers jerseys NBA Dallas Mavericks 2 Jason Kidd Blue Kid Jerseys
That catch was documented from several angles on photo and video. (Otto Greule Jr./Getty Images)
An incomplete pass to receiver Doug Baldwin, a 5-yard carry by running back Marshawn Lynch and a sack put the Seahawks on the Arizona 27-yard line for fourth down with 6 yards to go. The game had all come down to this, and it was Seattle's last chance. Or http://footballjerseys.bligoo.com/ - football jerseys was it? Wilson put it in the air to receiver Sidney Rice, but the refs pulled out their flags and called Arizona's Patrick Peterson for pass interference.
But the Seahawks weren't done fighting. Just when it looked as though http://media-cache-ak0.pinimg.com/550x/0b/bc/2e/0bbc2e6f134b99e995e288733ee816ac.jpg the Niners were about to put it away, threatening from from Seattle's 7-yard line, Smith threw an interception of his own. Under pressure on third-and-goal, he rolled left and threw a quick pass toward the end zone but he didn't see Seattle cornerback Brandon Browner, who got the pick and gave the Seahawks new life.
Now, according to reports, it sounds like the Vikings are reneging on their earlier insistence to not trade Harvin.


related posts:
http://www.youtube.com/watch?v=fLyh1jhQMgc
http://football-fans-forum.forumjv.com/1-120953-3757-1-0-1-0-nfl-jerseys-sale-list.htm
http://cheapjerseys.mypage.ru/replica_jerseys_for_the_football.html

Имя *:
Email *:
Код *: