00:35
Отан қорғаушылар күні

САРБАЗ КОНВЕРТІ                                                                                                                                                                                       Бұдан былай мемлекеттік мереке мәртебесіне ие болған ҚР Отан қорғаушылар күні Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің мәжіліс залының сахнасында 1-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Сарбаз конверті» атты елжандылық-отансүйгіштік әрі әскери-сарбаздық мазмұнды қамтитын әндерді шырқаудан өзіндік фестиваль өткізілді. Сахна төріне шыққан кіл өнерпаз оқушы жекелей де, жұптасып та, топтасып та ән шырқауда аянып қалмады. Ұзақ дайындық жұмысы далаға кетпей, тамашаға жиналған қадірменді көрермендер назарына шын жүректен ұсынылды. Танымал әндер «Атамекен», «Катюша», «Жаса, Қазақстан!», «Сарбаздар», «Туған елім» һәм т.б. түрліше интерпретацияда мейілінше шырқалды. Шынымен-ақ әуеде патриоттық рух қырандайын қалықтады дерсіз. Асылында, осындайма тәрбиелік-тағылымдық шара оқушылар бойында Отанына деген шексіз сүйіспеншілікті қайрағанның үстіне қайрай түсті.

Просмотров: 878 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: