11:56
Қоржынымыз бос емес
Ағымдағы жылдың 15 қаңтарында аудан орталығындағы мектепте 8-11 сынып оқушылары арасында негізгі пәндерден аудандық олимпиада өткізілді. Біздің мектептен оған 11 оқушы қатысты. Бейресми деректерге қарағанда, 8 сынып оқушысы Қазбеков Мағжан және 11 сынып оқушысы Увакова Арайлым Қазақстан тарихынан тиісінше 3 және 2-орындарға ие болса (пән мұғалімі Байханова Л.А.), 9 сынып оқушысы Корнеев Владислав қазақ тілінен 3-орынды қанағат тұтты (пән мұғалімі Қабдуова К.Қ.). Әзірге 11 сынып оқушысы Шәймұратқызы Жаңанұрдың физикадан қандай жүлдеге ие болғаны анықталу үстінде (пән мұғалімі Берден Ш.). Сонымен қатар біздің мектеп мұғалімдері Байханова Л.А., Белгібаева А.М., Түсіпова С.Н., Мазанова Б.Т., Қапанова Г.Ж. комиссия мүшелері қатарында ерен еңбек атқарып келді. Жеңімпаздарға бәрекелді демекпіз!
Просмотров: 1018 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: