20:43
Ойлау және сөйлеу

АЙТАР ОЙДЫҢ МАҒЫНАСЫН САҚТАУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Көпшілік алдына шығып сөйлеу сәтінде қобалжу болғандықтан, кейде дайындықсыз шығып сөйлегенде немесе айтар ойды ұмытып қалғанда, сөздің жүйесі мен мағынасын жоғалтып алатын кез болып тұрады. Аудитория ұйып тыңдау үшін ойды бір арнада ұстап тұруға төмендегі кеңестер пайдалы болары сөзсіз.

Бұған дейін әрі тақырып бойынша адамға дайындықтың маңызы жайлы көп айтылды. Демек, көпшіліктің ортасына шыққанда ой шашырап, сасқалақтамаудың бірінші жолы – дұрыс дайындық.

Айтар сөзді жаттап алатын, қағаздан оқығандай жасанды дайындық емес, ойды бір жүйеде ұстап тұрып, берілген уақытты дұрыс пайдаланатындай болу керек. Мәселен, айтар әр тақырып пен ойыңызды қағазға түсіріп, айтылар тақырыптарға ретімен сан қойып белгілеп алу артық етпейді. Ал сахнаға шыққанда кішігірім қағазға тақырыптар мен ойдың тізімін жазып алып шығыңыз.

Сосын презентация, слайд жасау сіздің тақырыбыңызды одан сайын аша түседі. Біріншіден, ол – ойды бөлмей ұстап тұрса, екіншіден, көрнекі құрал әр кез көрерменге ұнамды болатынын естен шығармаңыз. Егер презентацияңыз түрлі суреттер мен түсіндірме сызбаларынан тұрса, тіптен әрбір айтып жатқан ақпаратыңыз тыңдарман жадында ұзақ сақталады. Себебі адам ақпараттың 70% бөлігін көзбен көріп, ал 30% ақпаратты тыңдап қабылдайды.

 

Сұрақ-жауап ұйымдастыру

Егер ой шашырап, айтар ақпаратты ұмытып қалған жағдайда аудиторияға сұрақ қойып, жауап алу нұсқасын қолданып көрген ұтымды болмақ. Тыңдарман сұраққа жауап беру мақсатында сізге тағы жаңа ой қосады, ары қарай тақырыпты өрбітіп алып кетуге көмегі тиеді. Сондай-ақ аудитория да белсенділік танытып, кері байланыс орнатуға болады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 63 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: