20:49
Ойлау және сөйлеу

СІЗ БІЛУ КЕРЕК КЕҢЕСТЕР

Қандай жұмысты болсын өз деңгейіне жеткізіп, сәтті алып шығуы үшін адамға кәсібилік қажет. Ол – жылдар бойы тәжірибемен келетін күрделі іс. Дегенмен қайталау, практикалық білім, әркез шындалу, заман талабына сай өзіңді дамыту – өте маңызды факторлар болып есептеледі. Сәтті жоба жасау үшін де талай сәтсіз жұмыстарды атқару қажет болады. Демек, ораторлық өнерді меңгеріп, көпшілік алдында еш қысылмай, сенімділікпен сөз бастауға да үнемі дайындық қажет-ақ. «Қайталау – білім анасы» деген. Олай болса, төмендегі кеңестерді өмірлік әдетіңізге айналдырсаңыз, көпшілік алдында сөйлеу өнеріне машықтанған адам қатарына қосыласыз.

 

2-кеңес:

Ортаның маңызы

Негізі сөз шеберлері, «сөзшең орта» деп кез келген әңгіме айтатын адамдар арасында жүру – босқа уақыт өткізумен тең. Ортаның қандай әңгіме қозғап, оны қалай жеткізетініне мән беру қажет. Достардан бөлек сіздің өзара пікір алмасып, ой бөлісіп тұратын және сұрақ-жауаппен алмасып, кеңесетін бір ортаның болғаны абзал. Ой бөліскен сайын адамның білім қоржыны толығады. Пікір алмасу арқылы ойлау деңгейін дамытуға мүмкіндіктер туады.

 

3-кеңес

Ізденіс

Толассыз ізденіс, тұрақты білімге ұмтылыс сіздің үнемі заман көшінен қалмай жетіліп отыруыңызға себеп болады. Сонымен қатар, тұрақты ізденіс арқылы сіздегі сөз саптау, тіл байлық, ойды жеткізу дами түседі. Өз салаңыздағы кітаптарды оқу және сол тақырыптарға байланысты жиі ақпараттармен танысып отыруды әдетке айналдыруыңыз қажет.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 66 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: