20:30
Ойлау және сөйлеу

СІЗ БІЛУ КЕРЕК КЕҢЕСТЕР

Қандай жұмысты болсын өз деңгейіне жеткізіп, сәтті алып шығуы үшін адамға кәсібилік қажет. Ол – жылдар бойы тәжірибемен келетін күрделі іс. Дегенмен қайталау, практикалық білім, әркез шындалу, заман талабына сай өзіңді дамыту – өте маңызды факторлар болып есептеледі. Сәтті жоба жасау үшін де талай сәтсіз жұмыстарды атқару қажет болады. Демек, ораторлық өнерді меңгеріп, көпшілік алдында еш қысылмай, сенімділікпен сөз бастауға да үнемі дайындық қажет-ақ. «Қайталау – білім анасы» деген. Олай болса, төмендегі кеңестерді өмірлік әдетіңізге айналдырсаңыз, көпшілік алдында сөйлеу өнеріне машықтанған адам қатарына қосыласыз.

 

1-кеңес:

Үздіксіз дайындық

Әр істі қайталап, оның жақсы нәтижесін алу үшін күнделікті жаттығу – өте пайдалы. Мысалы, спорт саласының майталмандары жарыс алдында ұзақ дайындалады, тер төгеді, жаттықтырушыларының айтқанын екі етпей, орындау арқылы күнделікті жаттығу залында шынығады. Сондықтан сайысқа түскенде әр спорт шебері – өзінің дайындығына сенімді болады. Олардың басты қаруы – дайындық. Тура солай сіз де көптің алдына шықпас бұрын дайындалу, үздіксіз жаттығу жасауды әдетке айналдыруыңыз қажет.

Оның ішінде сөз саптауыңызды түзеу үшін дайындалу мына сатылардан тұруы шарт.

 

Мақал-мәтел жаттауды әдет етіңіз

Айына 50 мақал жаттаймын деп өзіңізге мақсат қойыңыз. Сол 50 мақал-мәтелді әр күнге бөліп, жаттап жүріңіз. Ұялы телефонның басты бетіне қойыңыз, қағазға жазып, жұмыс үстеліне жабыстырыңыз. Көзге түсетін көрнеу жерлерге жазылған мақал-мәтелдерге қайта-қайта көз түскен сайын миыңыз ақпаратты автоматты түрде қабылдайтын болады. Сосын сөйлеу сәтінде ойыңызды жеткізу үшін мақалдарды өз онымен қолданып отырсаңыз, сөйлемдеріңіз сәтті құралады. (жалғасы бар)

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 62 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: