19:02
Ойлау және сөйлеу

ДАУСЫМНАН ҰЯЛАМЫН...

Бұл бүгінгі заманда Инстаграм, Уатсап әлеуметтік желілеріне байланысты туындаған пікір болып отыр. Бұған дейін адам өз даусынан ұялатындай көпшілік алдында әркез пікір білдіріп, сөйлеп жүрмегендіктен елемейтін еді, ал қазір «жағымды дауыс» тіпті ақша әкелетін құралға айналғаны рас. Сондықтан блогер, оратор, мотиватор сынды жаңа мамандықтар дауысқа аса мән беретін болды. Инстаграм желісінде – «история» түсіріп күнделікті тірлігіңмен таныстырып отыру, өз кәсібіңді немесе жұмысыңды жарнамалап, өзіңе қосымша қаражат табу қазір екінің бірі айналысатын шағын кәсіп түріне айналды. «Историяны» сөйлеп салатын болғандықтан, көп адам өзінің даусы мен сөйлеу шеберлігіне мән бере бастады. Демек, заман талабына қарай адамы да бейімделуі шарт.

Дауысты Алла әр пендесіне әртүрлі етіп береді. Алайда оны арнайы жатығулар арқылы белгілі ретке келтіріп, бояу беріп, түзетуге мүмкіндік бар. Дегенмен біржола өзгерту мүмкін емес, қабылдай білу қажет. Өзіңізге ұнамаған дауысты құбылту, бояу беріп, әрлеу арқылы жағымды типке ауыстыру еш қиындық тудырмайды.

Негізі, адам бойындағы комплекстің кез келгенін жеңіп шығуға, оны елемеуге болады. Оның ең бірінші жолы – сенімділік. Өзіне сенімді адам – даусына, бойындағы қандай да бір кемшілікке аса қатты назар аудармайды. Оны тіпті өзгелер де байқамай қалады. Ал сенімсіздік болса, адам өзін ыңғайсыз сезініп, серіктесіне де сол ойды салып береді. Егер сіз киіміңізден ұялып, даусыңыздан діріл пайда болып, өзіңізді ұстау барсында қолайсыздық танытсаңыз, оны тыңдаушы бірден байқайды. Сенімділік тақырыбында айтып кеткендей, өзіңізді еркін әрі сенімді болу үшін айнамен жұмыс істеу қажет.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 80 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: