20:52
Ойлау және сөйлеу

ҚОЛДАНУҒА БОЛМАЙТЫН СӨЗДЕР

Адамның әдебі мен мәдениетін бірден аңғарудың жолы – сөйлеу мәнері. Қолдануға болмайтын сөз тек «диалект», «жаргон», «паразит» сөздер емес, ол әдеп нормасынан аспай сөйлеуді де негізге алу. Адаммен сөйлесіп, қарым-қатынас орнатуда қоюға болмайтын сұрақтар, айтуға болмайтын әңгімелер өрбуі мүмкін. Өйткені ол адамның түсінік деңгейінен хабар береді, кейде адам ойланбай сөйлеген сөзі үшін қатты қателесуі мүмкін. Қолдануға болмайтын сөздер қандай? Ол сөздер не үшін адамға кері әсер береді?

Қарым-қатынас кезінде адамның кей сөздерді қайта-қайта айту әдеті болады. Мағынасын келсе де, келмесе де қолданыста болатын сөздерді талдап, бұл сөздерді көп айтатын адамның мінезін анықтап көрсек қайтеді?

 

Мына... Визуалды ойлайтын адам көз алдында тұрған дүниені сипаттай алмаған жағдайда осы сөзді көп қолданады. Айтар сөзін қазір ғана ойластырып тұрған сөйлеушінің бұл сөзі көбінде сыңаржақ, ақылсыздау я жалпы айтылатын пікір болып қалуы мүмкін.

 

Жалпы... Бұл ер адамдардың көп айтатын сөзі. Біріншіден, ер адам табиғатынан затты тәуелділігіне қарай сипаттауға бейім, екіншіден, қандай мәселе болса да оған жалпылай, көлемді түрде қарағысы келеді. Бұл сөзді айтатын адамның кемшілігі – мәселеге тиянақты түрде тоқтала алмайды.

 

Сонда... Бұл паразит сөзді айтқан адам қорытынды жасауға және шешім шығаруға қорқады. Ол қайбір іске болмасын сенімсіздік танытып, әрбір дүниеге күмәнмен қарайды. Мәселен, бір жақты етіп шешу оған үлкен сынақ.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 76 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: