10:37
Ойлау және сөйлеу

ҚОЛДАНУҒА БОЛМАЙТЫН СӨЗДЕР

Адамның әдебі мен мәдениетін бірден аңғарудың жолы – сөйлеу мәнері. Қолдануға болмайтын сөз тек «диалект», «жаргон», «паразит» сөздер емес, ол әдеп нормасынан аспай сөйлеуді де негізге алу. Адаммен сөйлесіп, қарым-қатынас орнатуда қоюға болмайтын сұрақтар, айтуға болмайтын әңгімелер өрбуі мүмкін. Өйткені ол адамның түсінік деңгейінен хабар береді, кейде адам ойланбай сөйлеген сөзі үшін қатты қателесуі мүмкін. Қолдануға болмайтын сөздер қандай? Ол сөздер не үшін адамға кері әсер береді?

Қарым-қатынас кезінде адамның кей сөздерді қайта-қайта айту әдеті болады. Мағынасын келсе де, келмесе де қолданыста болатын сөздерді талдап, бұл сөздерді көп айтатын адамның мінезін анықтап көрсек қайтеді?

 

Енді... Бұл сөз де паразит сөздер қатарынан. Бірінші ой мен екінші ойды байланыстыра алмаған адам «енді...» дей келе тыңдаушыға мән-жайды ұғындырғысы келеді. Шешімі қиын сұраққа жауап іздеген адам осы сөзді айтады. Ал кейде өтірік айтқысы келген адам бұл әрекетімен өзінің қай жерде қателесіп қалуы мүмкін екенін өлшеп бағады деген сөз.

 

Шыны керек... Бұл сөзді де көбінде дәйектемемен сөйлей алмайтын адамдар қолданады. Ол әрбір сөйлемін осы сөз арқылы қолданып, айтылып жатқан мәселенің шындық екенін назарда ұстайды. Кейде өтіріктің де бір шетін осы сөз арқылы біліп қалуға болады. Мұндай адам өз-өзіне сенімді болып, белгілі бір мәселені толықтай игеріп барып қана сөйлеуі керек.

 

Ал... Бұл сөзді көп айтатын алам ойын реттей алмай, көп жағдайда шашыраңқы сөйлеп қоямын ба деп қорқады. Екінші бір қасиеті – тыңдаушының назарын өзіне осы сөз арқылы аударғысы келеді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 85 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: