22:16
Ойлау және сөйлеу

ҚОЛДАНУҒА БОЛМАЙТЫН СӨЗДЕР

Адамның әдебі мен мәдениетін бірден аңғарудың жолы – сөйлеу мәнері. Қолдануға болмайтын сөз тек «диалект», «жаргон», «паразит» сөздер емес, ол әдеп нормасынан аспай сөйлеуді де негізге алу. Адаммен сөйлесіп, қарым-қатынас орнатуда қоюға болмайтын сұрақтар, айтуға болмайтын әңгімелер өрбуі мүмкін. Өйткені ол адамның түсінік деңгейінен хабар береді, кейде адам ойланбай сөйлеген сөзі үшін қатты қателесуі мүмкін. Қолдануға болмайтын сөздер қандай? Ол сөздер не үшін адамға кері әсер береді?

Қарым-қатынас кезінде адамның кей сөздерді қайта-қайта айту әдеті болады. Мағынасын келсе де, келмесе де қолданыста болатын сөздерді талдап, бұл сөздерді көп айтатын адамның мінезін анықтап көрсек қайтеді?

 

Аты не еді... Дәл осылай ойын жинақтай алмайтын, қашанда асығыс-үсігіс жүретін адамдар айтады. Мәселеге атүсті қарап, кейін оны сипаттауда қиындыққа ұшырап жатады. Қысқа уақытқа есте сақтау қабілеті нашар адамдар әрбір сөзін «аты не еді...» деп бастайды.

 

Мысалы... Егер бұл сөзді ретімен және қайталамай айтатын болсақ, қате емес. ал екі сөзінің бірі «мысалы» болса, бұл адам өз ойын жинақтап айту үшін қиналатынын білдіреді. Екі сөзінің бірін мысалмен түсіндіретін адам мәселенің мән-жайын толық түсінбеген я визуалды есте сақтау қабілетін ғана іске қосатындығынан хабар береді.

 

І-і-і...(ы-ы-ы...) Шешім қабылдауда немесе жауап қайтаруда мұндай ырғақты дыбыс шығарып, уақыт созатын адам көбінде өзінің жауабын іштей толықтай ойластырып алатын қасиетке ие. Ал айтқысы келгені тілінің ұшында тұрса да «і-і-і...» деп қипақтайтын болса – бұл жаман әдеттің бір түрі болып саналады. Сөз таппай қалған адам көбінде осындай дыбыс шығарады. Мұндайды әдетке айналдырған адам басқалармен көбірек қарым-қатынас жасап, көркем әдебиет оқуы керек.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 82 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: