20:28
Ойлау және сөйлеу

ҚОЛДАНУҒА БОЛМАЙТЫН СӨЗДЕР

Адамның әдебі мен мәдениетін бірден аңғарудың жолы – сөйлеу мәнері. Қолдануға болмайтын сөз тек «диалект», «жаргон», «паразит» сөздер емес, ол әдеп нормасынан аспай сөйлеуді де негізге алу. Адаммен сөйлесіп, қарым-қатынас орнатуда қоюға болмайтын сұрақтар, айтуға болмайтын әңгімелер өрбуі мүмкін. Өйткені ол адамның түсінік деңгейінен хабар береді, кейде адам ойланбай сөйлеген сөзі үшін қатты қателесуі мүмкін. Қолдануға болмайтын сөздер қандай? Ол сөздер не үшін адамға кері әсер береді?

Қарым-қатынас кезінде адамның кей сөздерді қайта-қайта айту әдеті болады. Мағынасын келсе де, келмесе де қолданыста болатын сөздерді талдап, бұл сөздерді көп айтатын адамның мінезін анықтап көрсек қайтеді?

 

Жаңағы... бұл сөзді көбінде ойлау жылдамдығы баяу адам қолданады. «Жаңағы...» деген сәтінде оның өз ойын дұрыс жеткізгісі келіп, аса бір ұқыптылықпен сөйлегісі келетінін аңғарамыз. Бірнеше ойды ретімен бірден айту мүмкіндігі болмай қалғанда мысалға алынған сөз оған бірнеше уақыт болса да ойлануға мүмкіндік береді. «Жаңағы» деген сөздің «жаңа» деген сөзбен мағыналас екенін біліп, бірақ оны дұрыс қолданбайтын сөйлеуші оны уақыт категориясында қарастырады. Бірақ бұл қате сөз.

 

Не ғой... Әңгімесін осылай бастайтын адамдар бұған дейін айтылған әңгіменің жалғасын айтқысы келеді, бірақ сөзінің тыңдалмай, еленбей қала ма деп ойлауынан шығады. Бұл сөз де айтушыға өз ойын ретімен дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл сөз адамның өзін-өзі өзгеден ойша төмен қоятынын байқатады.

 

Негізі... Қандай да бір ойға келісімін бермес бұрын өзін толғандырған мәселеге қатысты күмән-күдіктердің барлығын да саралап алушының аузынан осы сөзді көп естиміз. Кей жағдайда бұл сөз қандай да бір сөзге келіспейтін кезде айтылады. Бұл сөзді көп айтатын адам көбінде ешкімге оңай сене салмайтынын, белгілі бір мәселені шешуде қиналатынын көрсетеді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 72 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: