20:28
Ойлау және сөйлеу

«МОНОТОННО» - БІРСАРЫНДЫЛЫҚТАН САҚТАН

Көркем сөйлеу – керемет сөзді кестедей тігіп-тізіп, ретімен мәтін құрап жариялай беру емес, ол адамды жалықтырмай, әуезді тілді одан сайын құбылтып әсірелеп сөйлеу. Бірсарынды сайрай берген адаммен ұзақ сөйлесу, әңгіме-дүкен құру мүмкін емес. ол сөйлеп бастағанда, әңгімесін басқа сөзге айналдырып, тезірек құтылғың келіп тұрады. Оның басты себебі: әдетте өте ұзақ сөйлейтін адам – сенімсіздік тудырады.

Көпшілік ортада сөйлеген сәтте көп адамның қателігі – үтір-нүктеге мән бермеуі, пунктуациямен мүлде жұмыс істемеуі. Тез сөйлейді немесе баяу сөйлейді, кейбірінің даусында «ызың» болады. Ал «монотонно» деген – адамды жалықтыратын тонда, яғни бірқалыпты сөйлеу мағынасын береді. Темп мүлде ауыспайды.

Ондай бірсарындылықтан сақтану үшін мына ережелерді сақтау қажет:

  • Қысқа сөйлеуге дағдылану, айтар ойды жинақы, нақты айту. Ұзақ мысал келтірмей, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жеткізуді әдетке айналдыру;
  • Пунктуацияға мән беру, яғни сөйлем арасындағы үтір-нүктеге тоқталып, тыныс белгілеріне назар аудару өте маңызды;
  • Тоқтап сөйлеу, яғни «пауза» ұстау. Дем алу, ентікпей, асықпай, сөйлемдерді өз ретімен айту;
  • Ырғақпен сөйлеу – бұл бір нотамен емес, «резонаторға» мән беру, жоғары, орта, төменгі дауысты ұстап тұру. Құбылту, әдемі әрі әсерлі жеткізу үшін ән айтқан сияқты, дауысты жоғары көтеріп, төмен түсіріп сөйлемдерді құбылта алсаңыз, дұрыс болады. Интонациямен ойнап, ырғақты дұрыс қолдана білу арқылы сіз – аудиторияны да жалықтырмай, ойыңызды еркін жеткізуге мүмкіндік аласыз.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 80 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: