06:52
Ойлау және сөйлеу

ОРАТОРДЫҢ БЕС ЕРЕКШЕЛІГІ

Оратор – арнайы мамандық деп қарайтын болсақ, оның да басқа салада қолданатын сияқты өз ерекшелігі мен қағидасы бар. Нағыз шешен адамның жібермеу керек қателігін ескеріп, оны сахнада, көпшіліктің алдында сөз бастағанда қолдансаңыз, сіздегі кәсібилікті көрсетеді. Алдыңызда қарапайым немесе сөз шебері отырғанын қалай анықтайсыз? Әрине, оның сөз саптауынан, өзін ұстауынан, дауыс ырғағынан және айтып жатқан ақпаратынан байқайсыз.

Демек, оратордың өзіне тән ерекшелігі байқалып тұрады.

Айталық:

 

Киім үлгісі

Адамды тыңдата білгісі келген кез келген сөйлеу саласының маманы өзінің сыртқы сипатына мән бергені абзал. Мәселе киімнің қымбат болуы емес, таза әрі жарасымды болуында. Киімі келісті адамның сөзі де өтімді болатыны дәлелденген факт.

 

Өзін ұстау әдебі

Адамның әдемі сөйлеуі тек сахнадағы шарт емес. кез келген кездесу, келіссөз жүргізу немесе қарапайым өз ортаңызда отырсаңыз да дұрыс әрі мәнді сөйлеу сіздің әркез бағаңызды арттырады. Тұрмыстық әрі паразит сөздерді қолдана берсеңіз, тыңдаушы сізге деген «дұрыс емес» пікір қалыптастырып үлгереді.

 

Харизма

Бұл сахнадағы кез келген адамға өте қажетті элемент. Тек сөзіңмен емес, іс-қимыл, мінезіңмен, өзіңе жарасымды қылығыңмен көпшілік көңілінде ұзақ сақталасың. Сөзіңді есте сақтау үшін сендегі мінез жарасымдылығы, қылық үйлесімділігі бәрінің өзіндік атқаратын рөлі бар. Харизмасы келіскен адамның көз тартатын қасиеті болады. Ол оратордың ең маңызды ерекшелігі десек артық емес.

 

Сенімділік

Оратор – тыңдаушыдан бұрын айтып жатқан әңгімесіне өзі сенуі керек. Өтірік әрі жүректен шықпаған сөз көпшілікке де әсер етпейді. Сенімді оратор болудың ұтымды тұсы – кәсіппен айналыссаңыз да, қай қызметте жұмыс істеп жүрсеңіз де сіздегі жұмыс келісімшарттары оңай жүзеге асады. Сенімділіктің шыңы сол екен деп өтірікке негіздеудің қажеті жоқ. Шындықты әсірелеп, ұлғайтып жеткізу – оратордың басты фишкасы. Тыңдаушыға сенімділік ұялаған сәтте ол сіздегі сөзге, іске, жалпы атқаратын жұмысыңызға сенімді бола бастайды. Ол сөйлеушінің – негізгі мақсаты.

 

Эмоция сыйлау

Өзің толқып тұрғанда ғана өзгені толқыта аласың. Өзіңде әңгіме айту барысында әсерлі эмоция туындамайынша, ол тыңдаушыға да әсер бермейді. Эмоция – әртүрлі сезім жиынтығы. Айтып жатқан ақпараты дұрыс әрі өтімді жеткізу үшін қолданатын тәсіл. Ой салу, толғанту мақсатында қолдану абзал. Көп адам эмоцияның шыңын жылаумен байланыстырады. Негізі сахнада көзіне жас алу – оратор үшін аса ұтымды жол емес. Керісінше, оқиға тыңдаушыны жылатуы қажет. Ал оратор өзіндегі сезімді басқара білген дұрыс.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 84 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: