12:19
Ойлау және сөйлеу

СӨЙЛЕУ СӘТІНДЕГІ ІС-ӘРЕКЕТТІҢ КӨПШІЛІККЕ ӘСЕРІ

Сөйлеу кезінде тыңдаушыға ойды дәлелді, нақты жеткізу дұрыс қолданылған ым-ишара, іс-қимыл арқылы жүзеге асады. Бет-бейне құбылыстары мен ішкі сезімдерді дене қимылы арқылы сауатты жеткізе білетін адам тыңдаушыларды жалықтырмайды.

Айталық:

  • Адамды баурап алу – сөздің мағынасына сәйкес жарасымды әрекеттер арқылы тыңдаушыға әсер ету;
  • Қолды ретімен сермеу, бас шұлғу-шайқау, қол бұлғау әрекеттері мөлшерімен қолданылса, сөзіңіз жандана түседі;
  • Сөзіңізді бастағаннан кейін, айдаладағы бір нүктеге қадалмай, аудиториядағы адамдардың көздеріне қарап, көзді ойнатып, реті келсе сөзіңді қостайтындай қимыл жасау – сіздегі кәсібилікті аңғартады;
  • Сөз арасында «бірінші, екінші» деп санамалап жеткізетін ақпарат болса, бармақтарыңызды бүгу немесе ашу арқылы сөйлем мағынасын түсіндіре аласыз;
  • Сондай-ақ сөзге көңіл-күй қосу үшін қасты керу, қабақты түю, басты қимылдату, көзді бақырайту сияқты әрекеттермен аудиторияны үйіре аласыз.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының Абай атындағы №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 94 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: