17:07
Оқу жылының мәресінде
2010/2011 оқу жылын аяқтау хақында ӨКІМ
ІV тоқсанның һәм оқу жылының аяқталуына байланысты мыналарды орындау қажет:
1. Пән мұғалімдері ІV тоқсандық (жылдық) бақылау жұмыстарын өткізуді 13 мамыр һәм 20 мамыр 2011ж. аралығында жүргізсін. 21 мамыр 2011ж. дейін ӘБ жетекшілеріне бақылау жұмыстарының қорытындыларын тапсырсын. 21 мамыр 2011ж. (14.00-ге дейін) ӘБ жетекшілері бақылау жұмыстарының қорытындыларын тапсырсын. Бақылау жұмыстарының қорытындыларында жұмыстардың сапалық сараптамасы айқын мазмұндалуы тиіс (төмен/жоғары көрсеткіштердің себептері, оқушылар біліміндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған жұмыстың жоспары).
2. Барлық пән мұғалімдері 24 мамыр 2011ж. дейін ІV тоқсандық (жылдық) бағаларды қойсын.
3. Сынып жетекшілері 24 мамыр 2011ж. (14.00-ге дейін) нысан бойынша есеп тапсырсын.
4. Пән мұғалімдері 25 мамыр 2011ж. (14.00-ге дейін) нысан бойынша есеп тапсырсын.
5. ӘБ жетекшілері 24 мамыр 2011 ж. (17.00-ге дейін) «Оқу жылында орындалған жұмыс туралы» мәтіндік есептерін тапсырсын.
6. Пән мұғалімдері ҰБТ-ге әзірлік бойынша (11 сыныптар) мониторингтік-сараптамалық анықтамасы көрсетілген папкаларын тапсырсын (03 маусым 2011ж. 18.00-ге дейін).
7. Сынып жетекшілері дәрісхананы ақтау бойынша жұмыс жоспарын дайындасын, оқушыларды жазғы демалыс кезіндегі мектеп жанындағы үлескідегі жұмыс кестесімен таныстырсын.
8. Бастауыш сыныптар мұғалімдері филология ӘБ мұғалімдерін шақырып, оқушылардың мәнерлеп оқу машығын тексеруді өткізсін. Оқу машығын тексеру қорытындыларын 23 мамыр 2011 ж. (18.00-ге дейін) тапсырсын.
9. Медбике (тубвираждылар саны, тамақтандыру, оқушылардың медициналық хал-ахуалы көрсетілген), кітапхана меңгерушісі, психолог, мектепалды даярлық топ және шаығын орталық тәрбиешілері орындалған жұмыс жөнінде мәтіндік есеп тапсырсын. Дене шынықтыру мұғалімдері 24 мамыр 2011ж. (18.00-ге дейін) мектеп оқушыларының жарыстарға қатысқаны һәм иеленген орындары хақында есептерін тапсырсын.
10. Аға тәрбиеші ІV тоқсан (жыл) бойынша орындаған жұмыс жайлы есепті 24 мамыр 2011ж. дейін мектеп директорының тәрбие ісі бойынша орынбасары Қапанова Г.Ж. тапсырсын.
11. Барлық пән мұғалімдері құжаттама номенклатурасын тексеруге дайындалсын, сынып журналдарын ретке келтірсін, ал сынып жетекшілер оқушылардың жеке құжаттарын ретке келтірсін.
12. Пән мұғалімінің құжаттама номенклатурасы жағдайын тексеру есептік парақ бойынша еңбек демалысы басталудың алдында (кесте бойынша) өткізіледі. (сынып жетекшілердің құжаттамасы МДТІО Қапанова Г.Ж. жетекшілігімен бір уақытта қатар тексеріледі).
13. Пән мұғалімдері көктемгі, мемлекеттік емтихандарға, ҰБТ-ге дейін сапалы консультациялар жүргізсін. Сынып жетекшілері оқушылардың консультацияларға қатысуын мұқият һәм барынша бақыласын.
Мектеп директорының оқу ісі бойынша орынбасары: Ибраһим Б.К.
Просмотров: 1281 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: