21:37
Өнерлінің өрісі кең

ҰЛТТЫҚ ӨНЕР – ӨМІРШЕҢ МҰРА

Оқу-біліммен қатар өнерді дамытқанға не жетсін! Ал өнердің дәрежесі ұлттық деңгейде шарықтаса нұр үстіне нұр болып жауатыны сөзсіз.

Павлодар қаласындағы Б.Момышұлы атындағы №22 жалпы орта білім беретін мектебінде «Ұлттық өнер – өміршең мұра» атты іс-шара көпшіліктің көңілінен шыға білді. Өз бойына «Күй шашу», «Ән шашу», «Би шашу» деген бөлімдерді жинаған осынау игі шара скүнделікті сабақтар арасындағы үзілістер кезінде жүзеге асты. Кең де жарық оқу ордасының әр қабатында күй тартау, ән шырқау һәм би орындау қабілеттері бар өнерлі мектеп оқушылары ашықтан-ашық өз балғын өнерлерін сүйсіне қарап-тыңдаған көрермен назарына ұсынды. Есесіне шексіз алғыс пенен шын жүректі қошеметке бөленді.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Б.Момышұлы атындағы №22 ЖОББ мектебі

Павлодар қаласы

 

 

 

 

 

Просмотров: 505 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: