12:16
Ұмытылған ұлт дәстүрлері

ТІЛ КЕСТІРУ

Тіл кестіру /дәстүр, ырым/. «... сырқатқа бірде бірі сездірмеске тіл кестіргендей жақ ашпады» /Д.Әбілев/.

Халық ұғымы бойынша сұқтана қарағанда жақсы адамдарға, сәбиге, малғатіл немесе көз тиеді. Мұндайда «тілден сақта, тіфә-тіфә», «көзден сақта, сұқ-сұқ» деп жатады. Ал, ауырып қалған жағдайда «тіл кестіру» дәстүр-ырымын қолданады. Оның шарты мынадай: Ауырған адамды бірнеше күнге, кейде айлап оңаша үйге сақтап, оны балгерлер ұшықтау, дұғалау, қағу арқылы емдейді. Ауру адам сол уақыттарда ешкіммен сөйлеспейді, тіл қатыспайды. «Тіл кесті» деген сөз осыдан шыққан. Ауру адам бойын таза сақтап, тәңірден тілек тілейді, аруақтарға дұға оқиды. «Тіл кестіру» мерзімі біткеннен кейін, халыққа құдайы береді. Біраз уақытқа дейін көппен араласпайды. Өнерпаз, әнші, ақыл болса топ алдына шығармайды. Жүйрік атты бәйгеге қоспайды.

 

 

ТАБАҚ ТАРТУ

Табақ тарту /салт/. Аста, тойда, мерекеде табақ тартудың өзі үлкен өнер, елдіккесын. Сондықтан мұның да өзіндік салттық тәртіптері бар. Әр табақ қонақтың дәрежесіне, жасына, жолына сәйкес тартылуы тиіс. Олар бас табақ, сый табақ, күйеу табақ,келін табағы, жастар табағы, жай табақ т.с.с. бірнеше түрге бөлінеді. Бас табақ құрметті адамдарға, қонақтарға, құдаларға арналғадықтан мұнда бас, жамбас, ортан жілік, белдеме, сүбе, қазы, жал, жая т.б. кәделі мүшелер тартылады. Сый табаққа да осындай мүшелер салынады. Жастар мен келін табақтарына асықты жілік, төс, омыртқа сияқты мүшелер де жарай береді. Жалпы табақ тарту – салт қана емес ұлттық әдеп пен дастарқан, тамақ беру мәдениетінің кепілі. Әр қонаққа лайықты мүше болмаса – ол білімсіздіктің белгісі ретінде сынға алынған. Қонаққа ірі малдың жамбасының шұқыршағы тартылмайды.

әзірлеген                                                                                                      

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі  

Просмотров: 263 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: