11:21
Ұмытылған ұлт дәстүрлері

ТІЗЕ БҮГУ

Тізе бүгу /салт/. Халық әдебі мен ғұрпында тізе бүгудің бірнеше түрі, олы, шарттары бар. Мұның бәрі де негізінен әдептілік, тәртіп заңдарына негізделген.

  1. Жұмысы болып бір үйге келген адам шаруасын отырып айтады. Егер тым асығыс болса ол жайын айтып бір тізесін бүгуі керек. Бұл шаңыраққа көрсетілген құрметтің белгісі. Бұл әдепті біреу ұмытып бара жатса, үй иесі «тізеңді неге бүкпейсің, біздің сиыр түрегеп тұрып бұзауласын дейсің бе?» деп өкпе, назын білдіреді. Халықта осындай да ыырм бар.
  2. Бұрынғы дәстүрде біреуден бата тілегенде ол адам бір тізесін бүгіп, екі қолын жаяды. Бұл әдет бүгінге дейін сақталған.
  3. Ұрыста, жекпе-жекте немесе айтыс-тартыста жеңілген жақ немесе кешірім сұраған айыпкер тізесіз бүгіп, басын иіп, айыбын төлейді. Бұл құқықтық істерде қабылданған айып шараларының тармағында қаралып, белгіленген.

әзірлеген                                                                                                      

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі  

Просмотров: 238 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: