15:58
Ұмытылған ұлт дәстүрлері

ӨЛІ СЫБАҒА

Өлі сыбаға / дәстүр/. «Алдымен өлі сыбаға бөліңдер, - деп қосымша бұйрық берді Дүңшебай». /Майты Юсупов/. Біздің мейірбан халқымызда өлген адамды, оның отбасын да ұмытпай, үлестен құр қалдырмайтын жақсы салт бар. Соның бірі ұмытылып бара жатқан «өлі сыбаға» деп аталатын ғұрып. Мұны көбінесе балықшы ауыл қолданады. Бас көтеретін азаматы жоқ қарттарға, асыраушысы дүниеден өткен жетім-жесірлерге балықшылар үлес береді. Бұған ешкім іштарлық немесе қарсылық жасауға тиіс емес. Бұл ел ішінде бұлжымас заң. Қазақ даласында егіннен – кеусен, малдан – көгендік, мүліктен – шүлен, балықтан – өлі сыбаға беру сияқты жоғары азаматтық пен жомарттықтың, кең пейілдің, қамқорлықтың ғажайып мысалдары ел тарихы мен әңгімелерінде жиі кездеседі.

әзірлеген                                                                                                      

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі  

Просмотров: 235 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: