19:47
Ұмытылған ұлт дәстүрлері

ТІЛАШАР

Тілашар /салт/. «Тілашар» тойына арнап шашу шашады». /Қазақ халқының салт-дәстүрлері/. Әр отбасы баласы 6-7 жасқа толған соң медресеге, мектепке оқуға береді. Бұл да бала өміріндегі елеулі оқиға, есте қаларлық елеулі кезең болып табылады. Осы күні балаға жаңа киім кигізіп, оқу-жабдықтарын дайындап, шағын той өткізеді. Мұны дәстүрлі – «тілашар» тойы деп атайды. Үлкен-кішілер балаға «өстің», «азамат болдың», «алып бол», «ақын бол» деген сияқты тілек білдіріп бата береді. Жаңа киіміне байғазы, тағымдар ұсынады. Бұл тәрбиеден бала өскендігінің белгісін сезінеді, оқуға құмарлығы артады. Жақын-жуық адамдар бала ата-анасына «құтты болсын» айтып, балаға «сәт-сапар» тілейді.

әзірлеген                                                                                                      

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі  

Просмотров: 285 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: