22:54
Ұмытылған ұлт дәстүрлері

НӘЗІР

Нәзір /салт, ырым/. Күрделі жұмыс бастағанда (мысалы, егін салғанда, су келтіру үшін арық қазғанда, үй салғанда) бұрын әр адам «Тәңірім, ісімді оңдай көр» деп «нәзір» жасаған.

«Нәзір» дегеніміз ауылдас адамдарын шақырып, бір малын сойып, өзінің бастағалы отырған ісінің мәнжайын айтып, аруақтарға дұға оқытып, көпшіліктен бата тілейді. «Көп тілегі – көл» дегендей жиналғандар оған «Алла риза болсын», «тілегің қабыл болсын», «ісің оңға бассын» деген сияқты ізгі, баталы, аталы сөздерін айтып ризалық көңілдерін білдіреді. Өзінің әр ісіне ыждағатпен, сеніммен, шын берілгендікпен қарайтын халықтық осы ізгі жол ұлтымыздың жақсы дәстүрі мен әдеп-салтының қасиетін айқындай түсетін тағы бір елдік нұсқа.

әзірлеген                                                                                                      

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі  

Просмотров: 258 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: