12:50
Ұмытылған ұлт дәстүрлері

ҒҰРЫП

Ғұрып. «Бұл ғұрып «құттық» деп аталады» /Күйеу келтіру, қыз ұзату/. Қазақ халқының өмір бойы қалыптасқан таным, ұғым, әдеп, салт-дәстүрлерінің айқындалған, заңдық күші бар ел таныған, мойындаған сара жолы ерте жасалған. Ол ұлттық болмысы мен мінезінде, жадында ата-баба ұлы істерінің жақсы үрдісін сақтау және оны дамытуды көздеген, мақсат еткен. Мұны ғұрып дейміз. Мұнда тәрбие, адамгершілік, имандылық, даналық келбетінің мыңдаған жыл саналған қасиетті қағидасы мен даланың ережелері жинақталған. Халқымыз оны қадірлеп, құрмет тұтқан. Бұл әдеттен айнығандарды түзейтін де жол тапқан. Сөйтіп халықтың өзі ұлттық тәлім-үлгінің, мәдениеттің осындай бірегей заңын жасап қалдырған. Мұндай ғұрыптың адам санасы мен тәрбиесіне қосқан үлесі, ықпалы өте зор болды. Ел ішінде мұны сақтап ұрпақ санасына сіңіріп отыратын ақсақалдары мен билері, ел ағалары, қажы, молдалары, білгірлері, шешендері болған. Қазақтың осы кең даласына Абай, Жақсы-Жанқұтты, Мұса Шорманұлы, Құнанбай, Шыңғыс, Ноғайбай, Көбекбай, Саққұлақ шешен, Алмат-Самырат, Мұса-Шеген, Әйеке, Солты, Зілғара, Ақыт қажы, Наурызбай хазірет, Ахмет ишан, Сатыбалды ишан, Әбіқай ақын сынды білімді, беделді кісілер ұлт әдет-ғұрпын есте ұстауға көп еңбек сіңірген. Біздің заманымызда да ел намысын, ұлт мәдениетін сақтауда айтарлықтай еңбек еткен азаматтарымыз аз болған жоқ.

әзірлеген                                                                                                      

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі  

Просмотров: 309 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: