11:27
Ұмытылған ұлт дәстүрлері

ШӨМІШ ҚАҒУ

Сәуір айында, әлбетте, күн жыли бастайды. Сол кезде күн күркіреп, көкте найзағай жарқыл салады. Мұндайда ел-жұрт еңсе көтеріп, жадырай серпілісіп: «Күн күркіреді, көк дүркіреді», - десіп жатады.

Осыған орай жасалатын ырымды «шөміш қағу» деп атаған. Үйдің босағасына, маңдайшасына, табалдырығына шөмішті тигізіп:

  • Құдайым, жарылқа,

Береке мол болсын,

Ынтымақ артсын,

Адалдық болсын,

Амандық болсын,

Ырызық көп болсын,

Уайым жоқ болсын.

десіп игі тілекпен тірлікке тәу еткен.

Халық жылдың әр мезгілінің ерекшелігін, қадір-қасиетін, бомысын даналықпен байыптай да, бағалай да білген. Оның тәрбиелік, тағылымдық жағына өте мән беріп, ұдайы ол дәстүрді осылай еске алатын болған.

әзірлеген                                                                                                      

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі  

Просмотров: 305 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: