12:42
Ұмытылған ұлт дәстүрлері

ТОҒЫЗ

Халық мәдениетінде дәстүр ретінде ежелден қалыптасқан «тоғыз» деп аталатын салттың екі түрі бар. Бұлардың аталуы бірдей болғанмен, қолдану жолы мүлде бөлек.

  1. «Тоғыз» /салт/. «Ау, мен тоғызды жоқтығымен тартып отырмын ба?» Ата-бабаның бұлжымас заңы бар. Мысалы: егіннен – кеусен, малдан – зекет, табыстан – шүлен сияқты. Соның қазіргі күндерде ұмытылып бара жатқан түрі – тоғыз. Бау-бақша өсіретін ел, әсіресе Қазақстанның оңтүстігінде, өнімді мол жинап алғаннан кейін туған-туысқандарына, құда-жекжаттарына, сыйоас көршілеріне тоғыз жіберетін жақсы салты бар. Яғни өздері қалаған адамдарына қоржынға салып қауын-қарбыз жібереді. Оның саны тоғыздан, не екі тоғыздан, үш тоғыздан кем болмауы керек. Келген адам ол үйге тоғыз әкелгенін айтады. Бұл жай келіс емес, кәделі, сыйлы келіс. Тоғыз дегенің тарту, ескеру, құрмет белгісі. Сонымен бірге мұнда дәмету де бар. Демек, тоғыз жіберген адамға соған лайық сый-сияпат жасау керек. Халық арасында бірін-бірі ескеру, елеу осы тоғыз арқылы білінеді.
  2. «Тоғыз» /салт/. «Бір тоғыз айып төлеп құтылған екен». /»Ел аузынан» жинағынан/. Тоғыздың бұл тармағы құқықтық, әділет жүйесінде қолданылады. Әдетте, жеңіл жаза алғандар атын немесе шапанын төлеп шығады. Ал ауыр жазаға тартылғандар, мысалы: ұрлығы, ел-жұрт алдындағы зор кінәсі, дін жолындағы күнәсі үшін, опасыздығы үшін қылмыс жасағандарға қатаң жаза қолданылады. Оларға «тоғыз» деп аталатын жаза бар. Қылмыстың ауырлығына байланысты жаза бірнеше есе көбейтіледі. Айталық, әдейі жер өртегендерге, біреудің некесін бұзғандарға үш тоғыз төлеттіреді. Бұған түйе бастатқан 3 түйе, 3 жылқы, 3 сиыр. Мұны үш еселесе 9 түйе, 9 жылқы, 9 сиыр болып шығады. Егер жаза ат бастатқан тоғыз болса, 3 жылқы, 3 сиыр, 3 қой болып төмендей береді.

Жер аудару, түрмеге отырғызу жоқ кезде қазақтың бұл заңы көшпелі елдің әлеуметтік тұрмысына сәйкес жасалғаны анық.  

әзірлеген                                                                                                      

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі  

Просмотров: 311 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: