19:13
Ұмытылған ұлт дәстүрлері

БҰЙЫМТАЙ

«Бұйымтай» /ғұрып/. «Көңілде бұйымтайым ең қымбатты, Отырмын енді соны сұрайын деп» /Бақтияр хиссасынан/. Сыйлас, бастас кісілер әдейі келіп, сәлемдесіп екі-үш күн болғаннан кейін қонақ аттануға рұқсат сұрайды. Бұдан кейін үй иесі «бұымтайыңызды» айтыңыз деп сұрайды. Бұл қонақтың қалағаны немесе нендей шаруасы бар екенін білу деген сөз. Қонақ мұндайда келген шаруасын, яғни, «бұйымтайын» айтады. Қонақ сөзін, өтінішін орындау қазақ үшін бұлжымас заң. Оны қолынан келген әр адам өзіне міндет санайды.

Әдеп бойынша үйіне келген кісіден үй иесі дастарқан жайып, шаруасын сұрап білуі парыз және оның көңілін қалдырмағаны жөн. «Бұйымтай» дегеніміз осы.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 317 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: