16:36
Ұмытылған ұлт дәстүрлері

БЕТ АЙҒАҚ

Бет айғақ /салт/. Халықтың құқықтық салтында малды, затты тапқан, көрген адамдарға сүйіншісін береді немесе «қалағаныңды ал» дейді.

Ал қылмыстық істерде қылмыскерді, ұрыны, тағы басқа жат істермен жүргендерді ұстаған адамға сүйінші орнына берілетін ынталандыру сыйлығы бар. Оның аты – «бет айғақ». Мұнда «бет айғақ» жасаған адамға бұрынғы билер кеңесінің тәртібі бойынша малдың, мүліктің, ақшаның бестен бірі беріледі. Әрине, әлгі адам қылмыскердің іс-әрекетін дәлелдеп, айғақты заттармен, куәлермен оның мойнына қойып беруге міндетті. Бұл істі елдің билері ақсақалдардың қатысуымен шешеді. Шешім сол сәтте орындалады.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 293 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: