10:42
Ұмытылған ұлт дәстүрлері

ҚЫЗҚАШАР

«Қызқашар» /дәстүр/. «Бұлайша қызқашар дәстүрін өткізетін үйді «болыс үй» дейтін көрінеді» /Х.Арғынбаев/. күйеудің алғашқы келісуі «ұрын келу» десе, қыздың атастырылған күйуін көру «қызқашар» дейді. Бұл «ұрын той» өтетін күні болады. «Ұрын той» жастар үшін көңілді, думанды тойлардың бірі. Бұған жас жеңгелер мен жастар қатысады. Күйеуден алынатын «қол ұстатар», «шаш сипатар», «қыз құшақтар», «арқа жатар», «»көрпе қимылдатар» тағы сол сияқты кәделер осы жолы беріледі. Екі жастың бірін-бірі көріп, тілдесуі де осы тойда болады. Екеуі де бір-бірін ұнатып, қалыңдық жігітке қыз белгісі орамалын және оның іні-қарындастарына да түрлі сыйлықтар береді.

Күйеу ұрын барғаннан кейін құдалық бұзылатын болса қазақ заңында бұл өте ауыр іс. Үлкен дауға кетеді. Күйеу себепсіз бас тартса бұрынғы берілген мал қайтарылмайды және айып салынады. Батаны қыз жағы бұзатын болса қалың мал толық қайтарылады әрі айып төлейді.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 306 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: