12:29
Ұмытылған ұлт дәстүрлері

БЕЛ КӨТЕРЕР

«Белкөтерер» /салт/. «Тоқсан көремін деген жасым ба еді, быламық ішейін деген асым ба еді» деп баяғы қариялар айтқандай жасы жеткен адамдар тісі болмаған соң тамақ жей алмайды. Ал, әлгі кісілерге жақсы тағамдар қажет. Мұндай жағдайда осындай адамадрға арнап «бел көтерер» деген тағам арнайы дайындалады. Бұл әрі жұмсақ, әрі дәмді, нәрі мол қазы, сарымай, жент, қымыз, ақ ірімшік, бал, тағы сол сияқты тамақтардан әзірленеді. Мұны балалары, көрші-көлемдер, сыйлас кісілер әдейі дайындап әкеледі. Бұған өте риза болған қарттар батасын береді.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 342 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: