12:29
Мемлекеттік нышандарға - 20 жыл!

МЕНІҢ ТУЫМ! МЕНІҢ ӘНҰРАНЫМ! МЕНІҢ ЕЛТАҢБАМ!

Осындай атпен үстіміздегі жылдың 4 маусымында Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің алдында аудандық көлемде мемлекеттік маңызы бар шара жүзеге асырылды.

Аудан орталығы Аққу елді мекенінен ауданға қарасты ауылдық округтерге шыққан делегацияны Лебяжі аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Мусинова С.Р. бастап келді.

Мектеп алдына мейілінше жиналған бесқарағайлықтар алдында аудандық өкіл Светлана Рақымтайқызы, «Нұр Отан» ХДП «Бесқарағай» БПҰ төрағасы Бегімхан Керімханұлы Мемлекеттік нышандардың саяси-қоғамдық, елдік-патриоттық мән-маңызын айқын дәлелдер, анық тұжырымдар, айшықты қағидаттар негізінде екшеп, жүрекжарды тілектерімен шуақтады.

Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің ту түстес галстуктері мойындарында желбіреген жасұландықтары Мемлекеттік рәміздерімізді дәріптейтін-насихаттайтын ұрандарды мақтанышпен жар етті.

Патриоттық рухты аудандық Мәдениет үйінің әншісі Мұхамедин Азамат, ауылдың мәдениет қызметкері Сейітова Ләйлә отансүйгіштік әндер шырқаумен әрледі.

Бесқарағайдан елжандылық жағынан рухтанған һәм әсерленген аудандық делегация басқа елді мекендерге Мемлекеттік туымызды желбіретіп аттанып кетті.

ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

«Нұр Отан» ХДП «Бесқарағай» БПҰ төрағасы,

Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 904 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: